Қаулы жобасы
«Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атауын өзгерту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
178-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта аталсын.
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов