"Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 31 шелдедегі №504 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұрығы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 330-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
|
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 31 шілдедегі № 504 |
|
Бұйрыққа қосымша
|
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың қорытынды беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалаты жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоюға және жоюға не оларды алып қоймай залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге не бақылаудағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға сәйкес келмейтін өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді жоюға, сондай-ақ карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қоюға және жоюға қолданылмайды.
2-тарау. Қорытындыны қабылдау және тіркеу тәртібі
1) толық және қысқартылған (болған кезде) атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны (болған кезде), заңды тұлға үшін- заңды мекенжайы (орналасқан жері);
2) жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері (болатын жері) бойынша тіркеу мекенжайы;
3) телефон нөмірлері , электрондық пошта мекенжайлары (ол болған жағдайда);
4) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
5) жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер (жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін);
6) оларға қатысты Қорытынды алу қажет тауарлардың атауы;
7) тауарлардың саны, тауарлардың өлшем бірліктері;
8) жойылудың (көмудің, залалсыздандырудың) болжамды тәсілдері мен орындары;
9) тауарларды жою рәсімін қолдану үшін негіздер (тауарларды жою себебі) көрсетіледі.
1) жоюдың кедендік рәсімімен орналастыруға жататын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу үшін негіздеме;
2) тауарларды жоюдың болжамды тәсілдері мен орындары туралы мәліметтер қоса беріледі.
3-тарау. Қорытындыны беру тәртібі
8. Қорытынды Өтініш берушіге аумақтық уәкілетті органның басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат түрінде және (немесе) аумақтық уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қойған қағаз түрінде жолданады.