Бір технологиялық желіде алкоголь және алкогольсіз өнімдерді өндіру кезінде деректерді беруді тестілік сынықтан өткізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржановтың төрағалығымен өткен кеңес хаттамасының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Алколайзер-тығыздық өлшегіштер жұмысының дұрыстығын тексеру және «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамына деректерді беру үшін бір технологиялық желіде алкоголь және алкогольсіз өнімдерді өндіру кезінде деректерді беруді тестілік сынақтан өткізу іске қосылсын.
- Өндірістік қуаттылығы жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімдері зауыттарының ерікті негізде тестілік сынақтан өткізуге қатысуын қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ж.Ж. Дүйсембиев):
1) жүргізілген тестілеу нәтижелері туралы есепті 2024 жылғы 20 тамызға дейінгі мерзімде ұсынсын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр М. Такиев