ҚР ҚМ МКК 2024 жылғы 24 шілдедегі № 229 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрыққа 224) қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Басқарманың орналасқан жері: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 63.»;
1-тармақта:
225), 235) және 242) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:
Департаменттің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
4-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:
Департаменттің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
9-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:
Департаменттің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
5-тармақ алып тасталсын.
1) осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын;
2) осы бұйрықтың аумақтық органдардың интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
төрағасы Ж. Дүйсембиев