«Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 26 ақпандағы № 294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 103, 105, 486, және 535-баптарына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке алу қағидасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру қағидасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру, қамтамасыз ету мөлшерін төмендету қағидасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы демпингке қарсы өтемақы баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) және тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
Е. Жамаубаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Результаты согласования
Министерство финансов РК - директор Департамента Мурат Бухарбаевич Адилханов, 04.09.2020 17:53:19, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 10.09.2020 10:52:04, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Қаржы министрлігі - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев, 11.09.2020 16:38:08, положительный результат проверки ЭЦП