«Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы»

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші

 орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық  актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20380болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 2-тармағына, 167-бабының 5) тармақшасына, 431-бабы 1) және 2-тармақтарына, 494-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 500-бабының 3) тармақшасына, 507-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына,           514-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 521-бабы 1-тармағының                     4) тармақшасына, 528-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 541-бабы               1-тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының  2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдері, тауарлар мен көлік құралдардың есебін жүргізу, есептілікті ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібіне:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1.   Осы Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдері, тауарлар мен көлік құралдардың есебін жүргізу, есептілікті ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 2-тармағына,                    167-бабының 5) тармақшасына, 431-бабы 1) және 2-тармағына, 494-бабы            1-тармағының 2) тармақшасына, 500-бабының 3) тармақшасына, 507-бабы             1-тармағының 5) тармақшасына, 514-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 521-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 528-бабы 1-тармағының                       5) тармақшасына, 541-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарларды және көлік құралдарын есепке алуды жүргізу тәртібін, мемлекеттік кірістер органдарына сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және шетелдік тауарларды иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғалар туралы есептілікті, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне және еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларымен жасалған кедендік операциялар, кедендік бақылаудағы тауарлардың есебін жүргізу және олармен жасалатын кедендік операциялар, мемлекеттік кірістер органдарының талабы бойынша уәкілетті экономикалық операторлардың ақпараттар мен есептілікті ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну тәсілін, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін айқындайды.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3)   осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

«Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
03 июня 2024