"Құзыретіне жоюдың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе кіретін уәкілетті органдар беретін жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы

 

          «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 330-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Құзыретіне жоюдың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе кіретін уәкілетті органдар беретін жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытынды беру қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы  бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы  бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы  бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Құзыретіне жоюдың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе кіретін уәкілетті органдар беретін жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытынды беру қағидалары

 

  1. Осы Құзыретіне жою кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе кіретін уәкілетті органдар беретін жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 330-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және құзыретіне тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе жергілікті атқарушы органмен келісуі бойынша жою тәсілі мен орны көрсетілетін өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе кіретін ветеринариялық бақылау және қадағалау, карантиндік фитосанитариялық бақылау, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі – уәкілетті органдар) беретін, жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) беру тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, жеке немесе заңды тұлғаның, оның ішінде тауарлардың декларанты болуға құқығы бар дара кәсіпкердің (бұдан әрі – Өтініш беруші) өтініші (бұдан әрі – Өтініш) Қорытынды беру үшін негіз болып табылады.
  3. Өтініш Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы және (немесе) қағаз түрінде тауарлардың жойылуы болжанатын жер бойынша тиісті уәкілетті органның аумақтық органына ұсынылады, онда мыналар:

1) толық және қысқартылған (болған кезде) атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны (болған кезде);

2) жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), тұрғылықты жері (болатын жері) бойынша тіркеу мекенжайы;

3) телефон, факс нөмірлері (болған кезде), электрондық пошта мекенжайлары (болған кезде);

4) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

          5) жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер (жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін);

6) оларға қатысты Қорытынды алу қажет тауарлардың атауы;

7) тауарлардың саны, тауарлардың өлшем бірліктері;

8) тауарларды жоюдың ұсынылатын тәсілі;

9) тауарларды жоюдың ұсынылатын орны;

10) жойылудың (көмудің, залалсыздандырудың) болжамды тәсілі мен орны;

11) тауарларды жою рәсімін қолдану үшін негіздер (тауарларды жою себебі) көрсетіледі.

  1. Өтінішке мыналарды қамтитын құжаттар:

1) жоюдың кедендік рәсімімен орналастыруға жататын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу үшін негіздеме;

2) тауарларды жоюдың болжамды тәсілі мен орны туралы мәліметтер қоса беріледі.

  1. Өтінішті оған қоса берілген құжаттармен бірге қабылдау, тіркеу тиісті уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде жүзеге асырылады.
  2. Қорытындыны тиісті уәкілетті органның аумақтық органы жоюға мәлімделген тауарлар туралы мәліметтерді (тауардың атауы, саны, өлшем бірлігі), тауарларды жою тәсілін, тауарларды жою орнын, тауарларды жою рәсімін қолдану үшін негіздерді (қажет болған жағдайда өзге де мәліметтерді) немесе жоюдың мүмкін еместігін көрсете отырып, еркін нысанда жасайды.
  3. Қорытынды Өтініш берушіге уәкілетті органның аумақтық органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат түрінде және (немесе) уәкілетті органның аумақтық органы басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қойған қағаз түрінде жолданады.

 

Құзыретіне жоюдың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе кіретін уәкілетті органдар беретін жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
29 мая 2024