Құзыретіне жоюдың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе кіретін уәкілетті органдар беретін жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы

 

Құзыретіне жоюдың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе кіретін уәкілетті органдар беретін жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 330-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Қоса беріліп отырған Құзыретіне жоюдың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе кіретін уәкілетті органдар беретін жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытынды беру қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Қаржы министрі

    ________________  М. Тәкиев

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

   _____________ А. Сапаров

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

  ___________А. Әлназарова

Қазақстан Республикасының

Экология және табиғи министрі

    ______________Е. Нысанбаев

 

 

 

 

Құзыретіне жоюдың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе кіретін уәкілетті органдар беретін жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
15 мая 2024