«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
16 наурыздағы № 286 және «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу жөніндегі кейбір мәселелерді шешу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеуді 2024 жылғы
1 шілдеге дейін кейінге қалдыру ұсынылсын;
2) 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылсын;
3) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын;
4) орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылсын;
5) мыналар:
салықтық тексерулерді (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп-қарау) тағайындау;
мерзім ішінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын;
6) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша 2024 жылғы
1 наурыздан бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін өсімпұл есептелмесін.