«Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидалары, шарттары және мерзімдерінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі – орган) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында органның ақпараттық жүйесі арқылы құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану бойынша алдын ала шешім қабылдауға берген өтініші (бұдан әрі – өтініш) алдын ала шешім берудің шарты болып табылады.
Органның ақпараттық жүйесінде іркілістер болған жағдайда, өтініш қағаз жеткізгіште ұсынылады, сондай-ақ алдын ала шешім қағаз жеткізгіште беріледі.»;
5 және 6-тармақтарға мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өтініш алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымды төлеу туралы құжатты және осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдануы мүмкін жағдайларда өтінішпен жүгініс жасауға негіз болатын құжатты қоса бере отырып ұсынылады.
Өтінішке қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылуға тиіс, бұл ретте аударма тілі өтініш берілген тілге сәйкес келуі тиіс.
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Алдын ала шешім беруден бас тартылған кезде орган өтініш берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлайды.»;
9-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«егер алдын ала шешім беру туралы өтінішпен жүгініс жасау үшін негіз болып табылатын құжаттар берілмесе;»;
12-тармақта:
бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Өтініш беруші алдын ала шешімді өзгерту туралы өтінішті жағдайларда береді:»;
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өзгертілген алдын ала шешімнің 11-бағанында көрсетілген мәліметтердің өзгерістер енгізілетін алдын ала шешімнің 11-бағанында көрсетілген мәліметтерден айырмашылығы болады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Алдын ала шешімдер органның ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда, Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану жөніндегі алдын ала шешімдерді тіркеу журналында (бұдан әрі - Тіркеу журналы), алдын ала шешімдер қағаз жеткізгіште берілген жағдайда алдын ала шешімдер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тіркеу журналында (бұдан әрі - Тіркеу журналы) тіркеледі.
Қағаз жеткізгіште тіркеу журналы нөмірленеді, тігіледі және органның мөрімен бекітіледі.»;
1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкелінетін тауардың кедендік құнын айқындау әдісін қолдану бойынша алдын ала шешім қабылдауға өтініш»;
осы Қағидаларға 2-қосымша 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
осы Қағидаларға 3-қосымша 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |