БҰЙЫРАМЫН:
«Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 376 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16662 тіркелген) мынадай өзгерту енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 6-тармағына сәйкес және 564-бабының 11-тармағына БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жердің пайдаланылуы мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 6-тармағына және 564-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардағы, республикалық маңызы барқалалардағы, астанадағы жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің
(бұдан әрі - уәкілетті орган) мемлекеттік кірістер органдарына объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) ұсыну тәртібін белгілейді.»;
Қөрсетілген қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |