04.12.2023ж. №1249
БҰЙЫРАМЫН
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 3-тармағына және 491-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.»;
осы бұйрықпен бекітілген Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында, мерзімінде және нысанында:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 28 наурыздағы
№ 412 бұйрығына
1-қосымша»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 3-тармағына және 491-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну тәртібін және мерзімін айқындайды.
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5.Уәкілетті мемлекеттік органдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсынады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
|
Е. Жамаубаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі