«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны

іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Орынбасары –
Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрінің «Электрондық
    шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар
    азық-түлік тауарларын, тас көмір мен астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27586 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер еңгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы
31 желтоқсанға дейін қолданылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары-тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары-сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ «әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 405 «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің

2023 жылғы «___» _____________ № ____ бұйрығына

салыстырмалы кесте

 

 

№ р/с

Құқықтық актінің құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

3-тармақ

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және
2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

Электрондық
шот – фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмір мен астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімін 2024 жылғы
31 желтоқсанға дейін ұзарту бөлігінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің (бұдан әрі – СИМ) (31.08.2023 ж. шығ.
№02-21//12-01/04-520//7806 ПАБ-11
(50.1-т.)/1.5.4) ұсынысы бойынша әзірленді.

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары

2

2 тармақтың 1) тармақша

сы

 

1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – тізбесі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген
адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;

1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары-тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары-сауда және интеграция министрінің
2023 жылғы 11 мамырдағы
№ 166-НҚ «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген,
олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;

«Құқықтық актілер туралы» Заңның
50-бабына сәйкес мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, азаматтардың ұсынымдарын болжау және талдау жолымен оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жолымен жүргізеді.

Жүргізілген талдау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы
20 маусымдағы № 489 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысымен күші жойылды деп анықталды. Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі орынбасардың-сауда және интеграция министрі 2023 жылғы
11 мамырдағы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» № 166-НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген
№ 32474).

 

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
08 ноября 2023