2022 жылғы 9 айда мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері

2022 жылғы 9 айда 16 347 салықтық тексеру жүргізілді (оның ішінде кешенді – 1 028, тақырыптық – 3 388, жеке тақырып бойынша – 10 134, хронометражды тексеру – 125, қарсы тексерулер – 1 672).  Қосымша есептеу сомасы 367,1 млрд. теңгені құрады, барлығы 68,8 млрд.теңге өндірілді (оның ішінде ағымдағы қосымша есептеулер бойынша өндіріп алу – 17,8 млрд.тенге, өткен жылдардағы салықтық тексерулер актілері бойынша – 51  млрд. теңге).

Дата публикации
02 ноября 2023