2022 жылғы 1 жартыжылдықта 11 189 салықтық тексеру жүргізілді (оның ішінде кешенді – 612, тақырыптық – 2 160, жеке тақырып бойынша – 7 308, хронометражды тексеру – 87, қарсы тексерулер – 1 022). Қосымша есептеу сомасы 89,4 млрд. теңгені құрады, барлығы 52,8 млрд.теңге өндірілді (оның ішінде ағымдағы қосымша есептеулер бойынша өндіріп алу – 8,3 млрд.тенге, өткен жылдардағы салықтық тексерулер актілері бойынша – 44,5 млрд. теңге).