2023 жылғы 23 қазандағы № 1119
Астана қаласы город Астана
«Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 1060
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 131-бабының 1 және 2-тармақтарына, 133-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 131-бабына сәйкес әзірленген және деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу тәртібін айқындайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өтініште:
салық төлеушінің бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуын автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданумен қазақ және (немесе) орыс тілдерінде бухгалтерлік және салықтық есепке алуды;
салық міндеттемелерінің орындалуын ішкі бақылау жүйесінің болуы туралы мәліметтер көрсетіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Келісімді бұзу салық төлеушіге хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген, жазбаша нысанда хабардар ету жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай бұзу Келісімді бұзуға дейін салық есептілігі жекелеген салықтар және төлемдер бойынша берілген салық кезеңіне деңгейлес мониторинг нәтижелерін жоққа шығармайды.»;
көрсетілген Қағидаларға осы бұйрыққа қосымша 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторингті жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Деңгейлес мониторингті жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабына сәйкес әзірленді және деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
|
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 27.10.2023
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 33572 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство финансов Республики Казахстан - директор Департамента Асет Багдатович Шонов, 04.10.2023 15:25:09, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 20.10.2023 16:26:10, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Е. Жамаубаев, 23.10.2023 12:53:07, положительный результат проверки ЭЦП