«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің

кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Салық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің» 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 22-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Лауазымы

 

                 Аты-жөні

Бұйрық жобасы
Дата публикации
24 октября 2023