Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің («АСТАНА-1» АЖ) интеграцияланған кедендік құрауыштарын жаңғыртуды және техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 830 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 11 қарашаны қоса алғанға дейін қолданыста болады.».
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов