«Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы                     2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19327 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының                      72-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«26. ҮИЖ есепке алуын Комитет модельдерді ҮИЖ Бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) енгізу жолымен жүзеге асырады және мынадай іс-әрекеттерді көздейді:

1) салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған ҮИЖ құқық иеленушісі ҮИЖ эталондық үлгісін, сондай-ақ қағаз тасымалдағышта және электрондық форматта мынадай құжаттарды:

осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бірыңғай тізілімге ҮИЖ модельдерін енгізу туралы өтінішті;

өндірушінің паспорты, техникалық құжаттамасы және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты: бір және (немесе) бірнеше БКМ, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше жүйеден, сондай-ақ ҮИЖ есепке алу құрамдасынан тұратын интеграцияланған жүйе;

бақылау және төлем компоненттерінен ҮИЖ-ға енгізуге келісу;

ҮИЖ құқығының болуын растайтын құжатты;

ақпарттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың нәтижелері бойынша актіні ұсынады.

Бұл ретте, ҮИЖ эталондық үлгісіне БКМ жаңа моделін және (немесе) модельдерін, және (немесе) бұрында ҮИЖ модельдерінің Бірыңғай тізіліміне енгізілген, ҮИЖ қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйені (құрылғы) және (немесе) жүйелерді (құрылғыларды) қосқан кезде, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақ нәтижелері бойынша акті талап етілмейді.

2) тиісті өкілеттіктер жүктелген Комитеттің лауазымды адамы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

мыналарды:

өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін;

бақылау-касса машиналардың мемлекеттік тізілімінде БКМ моделінің және (немесе) моделдерінің болуын тексереді;

Комитет жанындағы Сараптамалық кеңеске ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды береді;

3) Комитет жанындағы Сараптамалық кеңес Комитеттің лауазымды адамы ҮИЖ эталондық үлгісін және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:

ҮИЖ эталондық үлгісінің және техникалық құжаттаманың осы Талаптарға сәйкестігі тұрғысында сараптама жүргізеді;

сараптама нәтижелері бойынша ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізу немесе бас тарту туралы хаттамалық шешім шығарады;

ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізеді.»;

мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

«27-1. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге (бұдан әрі – ҮИЖ) құқық иесі ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізу туралы өтінішті осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҮИЖ эталондық үлгісіне жаңа үлгіні және (немесе) БКМ модельдерін және (немесе) жүйелерді (құрылғыларды) және (немесе) жүйені (құрылғыны) қосу кезінде бұрын Бірыңғай тізілімге енгізілген ҮИЖ қолма-қол ақшасыз төлемдерін қабылдау үшін ұсынады.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. ҮИЖ құқық иеленуші ҮИЖ моделін алып тастаған кезде Бірыңғай тізілімнен ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізу туралы өтінішті осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

Құжаттамада көрсетілген және Бірыңғай тізілімге енгізу кезінде Комитетке ұсынылған ҮИЖ моделінің осы Талаптарға сәйкес келмеуі анықталған кезде, Комитет хаттама түрінде ресімделген ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімнен алып тастау туралы шешім негізінде Бірыңғай тізілімнен ҮИЖ моделін алып тастауды жүргізеді.»;

Талаптарға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш компонентті интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ҮИЖ мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеушінің орналасқан жері бойынша тіркелуге жатады.»;

Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы                                                                             Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар жəне

аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

 

 

 

 

бұйрыққа 1-қосымша

Үш құрамдасты

интеграцияланған

жүйеге және оны есепке алуға

қойылатын талаптарға

қосымша

 

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе моделін (бұдан әрі – ҮИЖ) Бірыңғай тізілімге енгізу туралы өтініш

 

  1. ҮИЖ құқық иеленушінің атауы ________________________________
  2. Жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)_____________________
  3. Өтінішті беру себебі (тиісті ұяшықта «X» көрсетіңіз):

 

тіркеу ☐ өзгерту  ☐шығару  ☐

 

  1. ҮИЖ құқық иеленушісінің орналасқан жері:

мекенжайдың тіркеу коды: 0000000000000000

облысы:________________________________________________________

республикалық/ облыстық маңызы бар қала: _________________________

_______________________________________________________________

ауданы: ________________________________________________________

аудандық маңызы бар қала/кент/ауыл: ______________________________

_______________________________________________________________

елді мекеннің бір бөлігі (көше, даңғыл, шағын аудан): _______________________________________________________________

_______________________________________________________________

үйдің нөмірі: _____________ үй-жайдың нөмірі  _____________

  1. ҮИЖ атауы ___________________________________________________

_______________________________________________________________

  1. ҮИЖ компоненттерінің атауы:

1) бақылау құрамдасы (деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы және (немесе) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы)

  1. _____________________________________________________________
  2. _____________________________________________________________
  3. _____________________________________________________________
  4. _____________________________________________________________
  5. _____________________________________________________________

2) ҮИЖ төлем құрамдасы (қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйе (құрылғы) және (немесе) жүйелер (құрылғылар)

  1. _____________________________________________________________
  2. _____________________________________________________________
  3. _____________________________________________________________
  4. _____________________________________________________________
  5. ____________________________________________________________

3) ҮИЖ есепке алу құрамдасы (сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған, сондай-ақ осы Талаптың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарлама)

_______________________________________________________________

  1. ҮИЖ құқық иеленуге рұқсатты растайтын құжаттың нөмірі мен күні _______________________________________________________________
  2. Нұсқасы _______________
  3. Мен, ______________________________________________________

өтініште көрсетілген деректердің ресми болып табылатынын және барлық қоса беріліп отырған құжаттардың жарамды екенін растаймын.

__________ парақ қоса беріледі.

 

ҮИЖ құқық иеленушісі _________________________________  ______

                                                    тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)

 

Берілген күні: 20__ жылғы «___» ____________

 

бұйрыққа 2-қосымша

 

Үш құрамдасты

интеграцияланған

жүйені орнату және қолдану

қағидаларына

1-қосымша

 

 

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені (бұдан әрі – ҮИЖ) тіркеу, өзгерту және шығару туралы өтініш

 

  1. ҮИЖ пайдаланушының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) __________________________________________________

____________________________________________________________

  1. Жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) _________________

         ____________________________________________________________

  1. Өтінішті беру себебі (тиісті ұяшықта «X» көрсетіңіз):

тіркеу ☐өзгерту ☐ шығару ☐

  1. ҮИЖ түрі (тиісті ұяшықта «X» көрсетіңіз):

☐ бағдарламалық-аппараттық кешен;

☐ деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір және (немесе) бірнеше бақылау-касса машинасынан (бұдан әрі – БКМ), қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан) және (немесе) жүйелерден (құрылғылардан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандырылған жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) тұратын интеграцияланған жүйе.

  1. ҮИЖ атауы ____________________________________________
  2. ҮИЖ пайдалану құқығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні

___________________________________________________________

  1. ҮИЖ тіркеу орны:

мекенжайдың тіркеу коды: 0000000000000000

облыс:______________________________________________________

республикалық/облыстық маңызы бар қала: _______________________

_____________________________________________________________

аудан: _______________________________________________________

аудандық маңызы бар қала/кент/ауыл: ____________________________

_____________________________________________________________

елді мекеннің бір бөлігі (көше, даңғыл, шағын аудан): ______________

_____________________________________________________________

үйдің нөмірі: _____________ үй-жайдың нөмірі  _____________

7.1 Сауданы басқарудың, қызметтер көрсетудің, жұмыстарды орындаудың және тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – есепке алужүйесі) атауы ____________________

______________________________________________________________

7.2 БКМ туралы ақпарат:

№

БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің атауы

БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің тіркелген күні

БКМ моделінің және (немесе) модельдерінің тіркеу нөмірі

1

     

2

     

3

     

4

     

5

     

7.3 Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйе (құрылғы) туралы ақпарат:

№

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйелердің (құрылғылардың) атауы

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйені (құрылғыны) сәйкестендіру/зауыттық нөмірі

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйенің (құрылғының) және (немесе) жүйелердің (құрылғылардың) тіркелген күні

1

     

2

     

3

     

4

     

5

     

 

  1. Мен, өтініште көрсетілген деректердің ресми болып табылатынын

растаймын ___________________________________________________

 

ҮИЖ қолданушы ___________________________________   ______

                                   тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)

     

Берілген күні: 20__ жылғы «___» ____________

бұйрыққа 3-қосымша

 

 

Үш құрамдасты

интеграцияланған жүйені орнату

және қолдану қағидаларына

2-қосымша

 

 

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі – ҮИЖ)
№ __________ тіркеу карточкасы

 

ҮИЖ пайдаланушының атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты

(бар болған жағдайда) ___________________________________________

______________________________________________________________

ҮИЖ пайдаланушының жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) ______________________________________________________________

______________________________________________________________

ҮИЖ атауы ___________________________________________________

ҮИЖ тіркеу орны: _____________________________________________

______________________________________________________________

 

ҮИЖ мемлекеттік кірістер органында тіркелген күні:

20 ____ жылғы «___» ______________

 

мөр орны

 

Лауазымды адам

__________________  _____   _______________________________

мемлекеттік кірістер   қолы    тегі, аты, әкесінің аты (бар болған   

органының атауы                                    жағдайда)

                                                                мөр орны

 

ҮИЖ мемлекеттік кірістер органының есебінен шығарылған күні:

20 ___ жылғы «____» ___________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
05 октября 2023