"Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысанын толтыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік нысанын толтыру қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік нысанын толтыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының | |
| Қаржы министрі | Ә. Смайылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
2018 жылғы "__" __________
«Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысанын толтыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Есептілік мемлекеттік кірістер органдарының салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол берілетін мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің жергілікті есептілікті қабылдауы туралы хабарламамен электронды түрде ұсынылады және электрондық цифрлық қолмен куәландырылады.
Мемлекеттік кірістер органында бағдарламалық қамтамасыз ету болмаған не бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер анықталған кезде халықаралық топтың қатысушысы Есептілікті қағаз тасымалдағышта толтырады.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |