Мемлекеттік кірістер органының құпия ақпараттарды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне ұсыну қағидаларын бекіту туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

20__жылғы  «__»______

№ ____

Нұр-Сұлтан қаласы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ

  

20__жылғы  «__»______

№ ____

Нұр-Сұлтан қаласы

 

Мемлекеттік кірістер органының құпия ақпараттарды

 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция

министрлігіне ұсыну қағидаларын бекіту туралы

 БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Мемлекеттік кірістер органының құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне ұсыну қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

 

М. Сұлтанғазиев ____________

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрі

 

 

Б. Сұлтанов_________________

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

Мемлекеттік кірістер

комитеті төрағасының

20__ жылғы «__»____  № ___

және

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интегарция министрінің

20__ жылғы «__»____  № ___

бірлескен бұйрығымен бекітілген

 

Мемлекеттік кірістер органының құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне ұсыну қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1.  Осы Мемлекеттік кірістер органының құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне ұсыну қағидалары  (бұдан әрі – Қағидалары) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 19-бабы 4-тармағын, «Қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» 2015 жылғы
8 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 22-тармағын іске асыру үшін Кодекстің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес әзірленді.

  1. Қағидаларда мемлекеттік кірістер органының осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес құпия ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ұсыну тәртібі айқындалады.

 

2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі

 

  1. Мемлекеттік кірістер органы Министрлікке оның сұрау салуы бойынша бастамашылық жасалған және:

Еуразиялық экономикалық комиссия үшінші елдерден шығарылатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы тергеп-тексерулер (оның ішінде қайталама);

үшінші елдің (одақтың)  уәкілетті органы Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарға және (немесе) қазақстандық кәсіпорынға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы тергеп-тексерулер (оның ішінде қайталама);

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті органы Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты тергеп-тексеруді өтеуді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган жүргізетін тергеп-тексеруді өтеуді жүргізген жағдайда ақпаратты ұсынады.

  1. Ақпарат Excel форматында «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар ілеспе хатты ресімдей отырып, электрондық тасымалдағыштарда ұсынылады.
  2. Мемлекеттік кірістер органы сұрау салуды алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өздерінің иелігіндегі Ақпаратты Министрлікке ресми түрде жолдайды.

Министрліктің дәлелді өтініші бойынша сұратылған Ақпарат сұрау салуда белгіленген мерзімде, бірақ мемлекеттік кірістер органы сұрау салуды алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін 10 (он) жұмыс күнінен кем емес мерзімде ұсынылады.

Мемлекеттік кірістер

органының құпия ақпаратты 

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрлігіне

 ұсыну қағидаларына

қосымша

 

 

Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне ұсынатын

құпия ақпараттардың тізбесі

 

Құпия ақпараттардың атауы

құпия ақпаратты қамтитын ТД бағанының атауы

ТД  тіркеу нөмірі

A бағаны

Орын ауыстыру бағыты (импорт және (немесе) экспорт) және кедендік рәсім түрлерінің жіктеуішіне сәйкес мәлімделген рәсімнің екі таңбалы коды

«Декларация» 1-бағанының 1 және 2-кіші бөлімдері

Жөнелтушінің атауы, оның орналасқан жері; экспорт кезінде - қосымша ТЕН (БСН, ССН))

2-баған «Жіберуші / Экспорттаушы»

Алушының атауы, оның орналасқан жері, ТЕН (БСН, ССН))

8-баған  «Алушы»

Шарт жасасқан тұлға (немесе оның атынан немесе тапсырмасы бойынша жасалған) немесе тауарларға билік етуге құқығы бар тұлға немесе декларацияланатын тауарлардың меншік иесі болып табылатын тұлға немесе декларацияланатын тауарларға мүліктік құқықтарды сатып алған (сатып алатын) тұлға туралы мәліметтер: ТЕН (БСН, ССН))

9-баған «Қаржылық реттеуге жауапты тұлға»

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес сатушы елдің альфа-2 екі таңбалы әріптік коды

11-баған «Сатушы ел»

Ставкалардың түрлері бойынша ақпарат

13-баған «Ставка түрі»

Декларанттың атауы және оның орналасқан жері, ТЕН (БСН, ССН), сондай- ақ егер ұйым атынан оның оқшауланған бөлімшесі болған жағдайда – осындай  оқшауланған бөлімшенің атауы, оның орналасқан жері, ТЕН (БСН, ССН)

14- баған «Декларант»

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарларды жөнелтуші елінің қысқаша атауы

15-баған «Жөнелтуші ел»

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес жөнелтуші елдің альфа-2 екі таңбалы әріптік коды

15-баған (а,b) «Жөнелтуші елдің коды»

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарлардың шығарылған елінің қысқаша атауы

16-баған «Шығарыушы ел»

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарлардың межелі елінің қысқаша атауы

17-баған  «Межелі ел»

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес межелі елдің альфа-2 екі таңбалы әріптік коды

17 ( a, b ) жолағы «Межелі елдің коды»

Жеткізу шарттарының жіктеуішіне сәйкес жеткізу шарттарының коды және географиялық пункттің атауы

20-баған «Жеткізу шарттары»

Валюта жіктеуішіне сәйкес валютаның әріптік коды

22-баған «Шот бойынша валюта және жалпы сомасы»

Коды ТД-ның 22-бағанында көрсетілген шетел валютасының кеден органына ТД берілетін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің валютасына қатынасы

23-баған «Валюта бағамы»

Көлік түрлері мен тауарларды тасымалдау жіктеуішіне сәйкес мәлімет  TД 21-бағанында көрсетілген көлік құралы түрінің коды

25- баған «Шекарадағы көлік түрі»

Көлік түрлері мен тауарларды тасымалдау жіктеуішіне сәйкес мәлімет  TД 18-бағанында көрсетілген көлік құралы түрінің коды

26-баған «Ел ішіндегі көлік түрі»

Жүк орындары туралы ақпарат және тауарлардың сипаттамасы

31-бағанның 1, 2, 2.1, 3, 5 реттік нөмірлері «Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы. Таңбалау және саны – Контейнерлердің  нөмірлері – Саны және айрықша ерекшеліктері» (сыртқы жағындағы мәліметтерді қоса алғанда), ТД негізгі және қосымша парақтарының қосымша парақтары мен айналымдары

Тауардың реттік нөмірі

32-баған «Тауар»

Тауардың коды туралы ақпарат

33-баған «Тауар коды»

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес шығарылған елінің альфа-2 екі таңбалы әріптік коды

34-бағанның «а» кіші бөлімі «Шығарушы елдің коды»

Тауарлардың «брутто» салмағы

35-баған «Брутто салмағы (кг)»

1-элемент – кедендік алымдар бойынша, 2-элемент – кедендік баж бойынша кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер жіктеуішіне сәйкес тиісті код

36-баған «Преференция»

құрамдас код және үш таңбалы код тауарларды өткізу ерекшеліктерінің жіктелуіне сәйкес тауарларды өткізу ерекшеліктері

37-бағанның 1 және 2-кіші бөлімдері «Рәсім»

Тауардың нетто салмағы. Буып-түйілген түрде өткізілетін тауар үшін тек бастапқы орауды ескере отырып, тауардың массасы

38-баған  «Нетто салмағы (кг)»

Қосымша өлшем бірлігіндегі тауарлардың саны, өлшем бірліктерінің жіктеуішіне сәйкес қосымша өлшем бірлігінің шарты белгісі мен коды

41-баған «Қосымша бірліктер»

Тауардың бағасы

42-баған «Тауардың бағасы»

кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар түрлерінің жіктелуіне сәйкес 04021, 04022, 04023, 04031, 04032, 04041, 04042 кодтарымен көрсетілген құжаттар туралы ақпарат

44-баған «Қосымша мәліметтер/Ұсынылған құжаттар»

Декларацияланатын тауардың ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің валютасындағы кедендік құны

45-баған «Кедендік құн»

Тауардың статистикалық құны АҚШ долларымен

46-баған «сСатистикалық құны»

Өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдерді, өзге де төлемдерді есептеу туралы ақпарат (ТД толтыру жөніндегі Нұсқаулықта көзделген бағаналар бөлігінде төлемнің әрбір түрі бойынша))

47-баған «Төлемдерді есептеу»

2 нөмірімен келтірілген ақпарат -тауарлардың шығарылған күні

С бағаны

 

Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

АҚШ – Америка Құрама Штаттары;

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

ТД – Тауарларға арналған декларациялар;

ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі. 

Мемлекеттік кірістер органының құпия ақпараттарды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне ұсыну қағидаларын бекіту туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Дата публикации
19 сентября 2023