Букмекерлік кеңсе мен тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешенімен деректер алмасу арқылы салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Букмекерлік кеңсе мен тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешенімен деректер алмасу арқылы салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
- осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 2024 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін қолданысқа енгізіледі.