Салық есептілігінің нысанын толтыру кезінде форматтық-логикалық бақылауды қолдану арқылы қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Салық есептілігінің нысанын толтыру кезінде форматтық-логикалық бақылауды қолдану арқылы қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

          1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

          3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.
Бұйрықтың жобасы
Дата публикации
15 июня 2023