Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» «Қазақстан Республикасы Кодексінің 152-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 152-бабына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау және кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңсыз өткізілген тауарларды сәйкестендіру мақсатында, осы тауарларды анықтаған мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары «Кеден құжаттарының нысандары туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген нысан бойынша Кедендік тексеру актісін жасай отырып, кедендік тексеру жүргізеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер сотқа дейінгі тергеу немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында заңсыз өткізілген тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға анықталмаса, осындай тауарларды сатып алған тұлға декларант ретінде әрекет етеді. Бұл ретте, көрсетілген тұлғаға декларанттың өкілеттілігін бекіту үшін заңсыз өткізілген тауарларға қатысты, осындай тауарларды заңды сатып алуды растайтын құжаттар (сатып алу – сату шарты, шот-фактурасы және басқа да құқық белгілейтін құжаттар) немесе соңғы инстанциядағы соттың процессуалдық құжаты – шешімі (сот қаулысы), қылмыстық қудалау органының не уәкілетті лауазымды тұлғаның, осындай тауарларды тұлғаның сатып алу заңдылығының мән-жайларын растауы негіз болып табылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Заңсыз өткізілген тауарларды декларациялау кезінде декларация «Тауарларға арналған декларация нысаны және оны толтыру тәртібі туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен белгіленген тәртіпте (бұдан әрі – Тәртіп), мынадай ерекшеліктерді есепке ала отырып толтырылады:
1) декларант Тәртіпке сәйкес декларацияның 1, 3, 4, 5, 7, 14, 16, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 41, 44, 45, 46, 47, 48, В, 54 бағандарын толтырады;
2) декларацияның 7-бағанында «Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген Тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің жіктеуішіне сәйкес «ЗӨТ» коды көрсетіледі;
3) декларацияның 44-бағанында Кодекстің 179-бабына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растау үшін қажетті болып табылатын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі;
4) мемлекеттік кірістер органы декларацияның бағандарын Тәртіптің ХІ бөліміне сәйкес толтырады.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңсыз өткізілген тауарлардың кедендік құны «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына әкелінген декларацияланбаған тауарлардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері туралы ережені бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 180 шешіміне сәйкес анықталады.
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Заңсыз өткізілген тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылған кезде, мұндай тауарларға қатысты Кодекстің 39-тарауының ережелері қолданылады.
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 235-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
|
Е. Жамаубаев |