Пилоттық жобаны іске асыру мерзімдері мен электрондық сауда алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану қағидаларын бекіту туралы»

       «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы     1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Пилоттық жобаны іске асыру мерзімдері мен электрондық сауда алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану қағидалары, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Лауазымы                                                                                  Аты-жөні

бұйрықтың жобасы
Дата публикации
04 мая 2023