13.04.2023ж. №299
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесі бекітілсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов