«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында, сондай-ақ көрсетілген бұйрықпен бекітілген тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарында:
9-тармақтың бірінші бөлігіндегі 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қалған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша – 75 (жетпіс бес) жұмыс күні ішінде.»;
20-тармақтың бірінші бөлігіндегі 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тізбесі «Айырбастау кезінде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар шикізат экспорттаушыларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі, салық кезеңі ішінде түскен валюталық түсімнің кемінде 50 (елу) пайызын айырбастау кезінде шикізат экспорттаушылар көрсетілетін қызметті алушылар қолданады (бұдан әрі – шикізат экспорттаушыларының тізбесі).»;
20-тармақтың екінші бөлігіндегі 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өз өндірісінің тауарларын өндірушілер тізбесіне енгізілген өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін:
Салық Кодексінің 429 - бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін-есепті салықтық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасының 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерде;
Салық Кодексінің 429 – бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келетін-нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасының бір бөлігінің
50 (елу) пайызынан аспайтын, бірақ есепті салықтық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасының 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерде;
20-тармақтың екінші бөлігіндегі 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Салық Кодексінің 429 – бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін шикізатты экспорттаушылар тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушылар үшін – есепті салық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасының 80 (сексен) пайызынан аспайтын мөлшерде ҚҚС асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жатады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Өз өндірісінің тауарларын өндіруші және (немесе) шикізатты экспорттаушылар болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бойынша көрсетілетін қызметті беруші Салық кодексінің 424-бабының 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде талап берген кезде ұзарту кезеңін ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өз өндірісінің тауарларын өндірушілердің тізбелерінде болуын тексереді валюталық түсімнің кемінде
50 (елу) пайызын айырбастау кезінде ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар шикізат экспорттаушылардың және (немесе) Салық Кодексінің 429-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді.»;
33-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері, салықтық кезеңге түскен айыртастау түсімдерінің 50 (елу) пайызынан аспайтын, айырбастау кезінде ҚҚС асып кетуін оңайлатылған тәртіппен қайтаруға құқығы бар Шикізатты экспорттаушылар тізбесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты қолданылады.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Өнім берішінің салық есептілігінің мәліметтерін және АЖ мәліметтерін салыстырып тексеру нәтижесінде анықталған алшақтықтар, сондай-ақ бюджетке ҚҚС есептеу және төлеу жөніндегі салық міндеттемелерінің орындалмауын көрсететін басқа да мәліметтер салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі деп танылады.
Егер «Пирамида» есебін қалыптастыру кезінде өнім берушінің:
1) деңгейлес мониторингте тұрған;
2) өз өндірісінің тауарларын өндіруші, оның ішінде өз өндірісінің тауарларын өндірушілер тізбесіне енгізілген ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші салық төлеуші (ірі қара және ұсақ мал терісін өндірушілерді және түсті және қара металл сынықтарын қайта өңдейтін тұлғаларды қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті алушының барлық тексерілетін кезеңі ішінде өндіруші деп танылған өнім беруші осы Қағидалар шеңберінде өз өндірісінің тауарларын өндіруші болып табылады;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 (бес) жыл үшін есептелген салық жүктемесінің кемінде 20 (жиырма) пайыз орташа коэффициенті бар;
4) одан әрі олардың сатып алушыларына экспортталған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды жеткізуді жүзеге асыратын;
5) байланыс қызметтерін жеткізуді жүзеге асыратын;
6) «Пирамида» есебін қалыптастыру күніне, есепке жатқызылған ҚҚС сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 10 еселенген мөлшерінен аспайтын салық төлеуші болып табылатыны анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі бойынша өнім берушілер бойынша «Пирамида» есебін одан әрі қалыптастыруды тоқтатады.
Егер тікелей өнім берушілер өзара байланысты тараптар және (немесе) оған қатысты тақырыптық тексеру жүргізілетін көрсетілетін қызметті алушыға қатысты бақылауда тұрған тұлғалар болып табылса, осы тармақтың ережелері қолданылмайды;
54-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Егер, тексеру жүріп жатқан көрсетілетін қызметті алушының:
оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар (осы құқықты пайдалануға қарамастан);
Салық кодексі 152-бабы 12-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын, Салық кодексі 152-бабы 12-тармағының 4-тармақшасына сәйкес құны кемінде 150 000 000 АЕК-ті құрайтын;
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын және ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 (бес) жыл ішінде есептелген салық жүктемесінің кемінде 20 (жиырма) пайыз орташа коэффициенті бар;
Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын тікелей жеткізушілері «Пирамида» есебінің нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жойған кезде, осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген ережелер қолданылмайды;
4-Тараудың 6-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
«6 Параграф. Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер әуежайлар, жерге қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомаларының анықтығын растау бойынша тексерулер жүргізу ерекшеліктері»;
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«96. «Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанар-жағармай құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін ҚҚС асып кетуін жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер әуежайларға, қайтару халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанар-жағармай құю кезінде пайдаланылған жанар-жағармай материалдары бөлігінде жүргізіледі.»;
Көрсетілген бұйрыққа 1 қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
ТАЖ |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі