ҚР ҚМ МКК төрағасы Д. Е. Жаналиновтың Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуіне арналған өзекті мәселелердің тізімі

ҚР ҚМ МКК төрағасы Д.Е.Жаналиновтың Шығыс Қазақстан облысының

тұрғындарымен кездесуіне арналған өзекті сұрақтардың тізімі

 

№

Сұрақтар

Проблемалық сұрақтарға жауап

1

Қайырлы күн, банктен алынған несие бойынша қарызым бар, банкроттыққа өтініш беруге бола ма?

Иә, қарызы бар азаматтар ағымдағы жылдың наурыз айында банкроттыққа өтініш бере алады. «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңында рәсімдердің 3 түрі қарастырылған: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Егер сізде банк алдындағы борышыңыз 5,5 млн.теңгеден аспайтын болса, 12 ай ішінде өтеу болмаса, мүлік болмаса, банкпен борышты реттеу туралы құжат болса, онда сіз соттан тыс банкроттыққа өтінішті электрондық түрде Е-Gov электрондық үкіметінің веб-порталы арқылы, «e-Saluk Azamat» мобильдік қосымшасы арқылы, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беруге құқығыңыз бар.

2

Жалған кәсіпкерлікпен жұмыс істеуден өзіңізді қалай қорғауға болады (кәсіпорын қызметкерлерге салық төлейтінін, табыс салығын төлейтінін, декларация тапсыратынын қалай білуге болады)?

ҚР МКК ресми сайтында сенімсіз салық төлеушілер бойынша мәліметтерге қолжетімді, атап айтқанда, тәуекел дәрежесіне байланысты салық төлеушілерді санаттау нәтижелері туралы мәліметтер, берешектер туралы, банкроттық туралы мәліметтер, тіркеуі жарамсыз деп танылған/қайта тіркеуі жарамсыз деп танылған салық төлеушілердің тізімі жеке тұлғаларды қоспағанда, төленген салықтардың сомасы туралы, жұмыс істемейтін салық төлеушілер туралы, салық жүктемесінің коэффициенті туралы мәліметтерді көруге болады.

Сондай-ақ ағымдағы жылдан бастап қызметкерлердің саны туралы ақпарат салық құпиясын құрайтын тізбеден алып тасталды.

3

Айтыңызшы, жеке тұлғалар жеке мүлікті жалға бергені үшін біріңғай жиынтық төлем (БЖТ) қалай төлейді? Егер үй иесі ауылдық жерде тұрса және жалға берілетін тұрғын үй қалада болса?

Ағымдағы жылы бірыңғай жиынтық төлем мөлшері республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңгені, ал қалған елді мекендер үшін-0,5АЕК – 1 725 теңгені құрайды.

Төлеушілердің біріңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеуі төлеушінің тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.

 

Сұрақтар мен жауаптар
Дата публикации
24 февраля 2023