Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидаларын, сондай-ақ осындай шешімдердің нысандарын бекіту туралы

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидаларын, сондай-ақ осындай шешімдердің нысандарын бекіту туралы

 

 

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 120-1-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы шешімдерді шығару қағидалары;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешімнің нысаны;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда фактуралардың жазып берілуін шектеуді жою туралы шешімнің нысаны бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                                      Аты-жөні

 

                        Бұйрыққа 1-қосымша  

 

 

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы шешімдерді шығару қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактураларды жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы шешімдерді шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-1-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) электронды нысанда шот-фактуралардың (бұдан әрі – ЭШФ) жазып берілуін шектеу (бұдан әрі – Шектеулер туралы шешім) және осындай шектеуді жою туралы шешімдерді (бұдан әрі – Шектеуді жою туралы шешім) шығару тәртібін айқындайды.
  2. ЭШФ «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі №370 бұйрығына сәйкес жазып беріледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 сәуірде № 18583 болып тіркелді.

 

2-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешім шығару тәртібі

 

  1. Шектеу туралы шешімді Салық кодексінің 96-бабында белгіленген тәртіппен, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) орындалмады деп танылған күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ЭШФ АЖ электронды нысанында салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жердегі МКО шығарады.

 

 

 

 

3-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеуді жою туралы шешім шығару тәртібі

 

  1. Шектеуді жою туралы шешімді Хабарлама орындалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ЭШФ АЖ электронды нысанда салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жердегі МКО шығарады.
  2. Шот-фактуралардың электрондық нысанда жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы шешімдер шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінің ішінде электрондық тәсілмен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне, веб-қосымшаға, пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі.

 

                                                                                                      

                Бұйрыққа 2-қосымша

 

 

                                                                                                                          нысан

 

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешім

 

 

20___жылғы «____»_________                                                                           №___

________________________________________________________________

(МКО атауы) ____________________________________________________________________

___________________________________________________________ тұлғасында

       (МКО басшының немесе басшы уәкілеттік берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 120-1-бабына сәйкес (қажетті мәлімет толтырылады):                         

МКО камералдық бақылау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесі жоғары деп анықталған, «__»______ 20__ жылы табыс етілген, «__»________ 20__ жылғы              № _________ бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмауына байланысты;

немесе орындалмаған деп тану туралы 20__ жылғы  «__» ________ № ______ шешімге байланысты:

 

ШЕШІМ:

салық төлеушінің электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуі шектелсін.

 

__________________________________________________________________

(салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, мекенжайы, (ЖСН/БСН)

 

____________________________                                      ___________________

____________________________                                      ___________________

(басшысының (уәкілетті адамның)                                     мемлекеттік кірістер

қолы)                                                                                          органының мөрі    

 

Шешімді алдым:

____________________________________________________________________

       (салық төлеушінің немесе салық төлеушінің лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда))

 

 

Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

МКО – мемлекеттік кірістер органы.

Бұйрыққа 3-қосымша

 

 

                                                                                                                          нысан

 

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеуді жою туралы шешім

 

20__жылғы «___»_________                                                                              №___

__________________________________________________________________ (МКО атауы) ____________________________________________________________________

___________________________________________________________ тұлғасында (МКО басшының немесе басшы уәкілеттік берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-1-бабына сәйкес:

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы 20__ жылғы «__»________

№ _______ шешім шығарылған, тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы 20__ жылғы «__»________ № _______ хабарламаның орындалуына байланысты,

 

ШЕШІМ ЕТТІ:

 

 

____________________________________________________________________

(салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, мекенжайы,

____________________________________________________________________

(ЖСН/БСН)

электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып беруін шектеу жойылсын.

 

____________________________                                    ___________________

(басшысының (уәкілетті адамның)                                  мемлекеттік кірістер                         

қолы                                                                                        органының мөрі              

 

 

Шешімді алдым:

____________________________________________________________________

       (салық төлеушінің немесе салық төлеушінің лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда))

 

Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

МКО – мемлекеттік кірістер органы.

 

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидаларын, сондай-ақ осындай шешімдердің нысандарын бекіту туралы
Дата публикации
03 февраля 2023