«Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша

тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы  № 252 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:

5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделінген салық төлеушілерді ақпараттандыру салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін тоқсанның бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Тәукелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар туралы мәліметтер мен олардың негізінде өлшемшарттарды есептеу жүзеге асырылған көрсіткіштер, салық төлеушіге «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасына салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін тоқсанның бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі, мемлекеттік кірістер органдарында бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін тоқсанның алдындағы екінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.»;

11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Санаттарға бөлу субъектісінің тәуекел дәрежесі (деңгейі) құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және тоқсанда бір рет өзектендіріледі.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. «Салық есептілігінде көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы» өлшемшарты корпоративтік табыс салығы бойынша түзетулерді қоса ала отырып шегерімдердің сомасының түзетулерді қоса ала отырып жылдық жиынтық кірістерне аракатынасы 0,98-ден 1 дейінгі диапазонда болатын жағдайда айқындалады.

Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы есепті күнтізбелік жылы болып табылады.

Аталған өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.»;

16-17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«16. «Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету» өлшемшарты, егер соңғы 3 (үш) салықтық кезең (жыл) ішінде салық есептілігінде залал көрсетілетін жағдайда айқындалады.

Салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін өлшемшарт соңғы бес жылдық кезең бойынша айқындалады.

Залалдар кезеңінен инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдерді қолдану себебінен қалыптасқан залалдар кезеңі алып тасталады.

«Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету» өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.

  1. «Бюджетке төленуге жататын салықтар сомасын азайта отырып, қосымша декларацияны табыс ету жолымен салық төлеуден жалтаратын салық төлеушілер» өлшемшарты, корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындағаннан кейін салық төлеуші корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша азайтуға қосымша декларацияны табыс еткен кезде айқындалады.

Осы өлшемшарттың басымдылығы – 5 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. «Арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін, Салық кодексінде белгіленген көрсеткіштердің шекті мәніне бірнеше рет жақындауы» өлшемшарты оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің екі кезек салықтық кезең бойынша декларацияларда көрсетілген кірісі осындай арнаулы салық режимін қолдануға құқық беру үшін кірістің шекті мәнінен 98 ден 99 пайызға дейінгі диапазонда болатын жағдайда айқындалады.

Есеп айырысу жүргізілетін кезең қолданылатын арнаулы салық режиміне сәйкес соңғы екі есепті кезең болып табылады.

Осы өлшемшарттың басымдылығы – 5 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. «Салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша дәйекті берешектің болмауы» өлшемшарты осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген күннің алдындағы 6 (алты) айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалады.

Осы өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. «Виртуалдық қойма» модулін қолдану» өлшемшарты тауарларға ілеспе жүкқұжаттары ай сайын ресімдеген және «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттары негізінде шот-фактураны электрондық түрде жазып берген жағдайда айқындалады.

Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.

«Виртуалдық қойма» модулін қолдану» өлшемшартының басымдылығы осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.»;

мынадай мазмұндағы 26-3, 26-4 және 26-5-тармақтарымен толықтырылсын:

«26-3. «Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаға қатысушы» өлшемшарты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын салық төлеушіні пилоттық жобаға қатысушы ретінде тіркеу туралы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының мәліметтері негізінде айқындалады.

Осы өлшемшарттың артықшылығы – 1 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

26-4. «Салық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде қамтылмаған, үш жыл және одан да көп жылға тең кезең, салық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде қамтылмаған, ірі салықтөлеушілер мониторингінде тұрған салық төлеушілер үшін төрт жыл және одан да көп жыл кезеңін қоспаған заңды тұлғалар ретінде тіркелген салық төлеушілер» өлшемшарты.

Осы өлшемшарт осы Қағидалардың 26-5-тармағында көзделген өлшемшарттармен бірге тәуекел дәрежесіне барынша теріс әсер етуді ескере отырып, мерзімді салықтық тексеру субъектісі ретінде үстеме төлеушіні іріктеу үшін негіз болып табылады.

26-5. «Соңғы санаттау нәтижелері бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілер» өлшемшарты.

 Осы өлшемшарт осы Қағидалардың 26-4-тармағында көзделген өлшемшарттармен бірге тәуекел дәрежесіне барынша теріс әсер етуді ескере отырып, мерзімді салықтық тексеру субъектісі ретінде үстеме төлеушіні іріктеу үшін негіз болып табылады.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 252 «Об утверждении Правил применения системы управления рисками по критериям, не являющимся конфиденциальной информацией»
Дата публикации
30 января 2023