«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы
20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
14-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Салық кодексінің 363-бабына сәйкес салық төлеушінің жекелеген санаттары.
Торкөздер, егер салық төлеуші А, B, C, D және E жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді:
А – мүліктік және басқа кірістер алған жеке тұлға (резидент-еңбекші көшіп келушіні қоспағанда);
В – резидент-еңбекші көшіп келуші;
С – жеке практикамен айналасатын адам;
D - Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар жеке тұлға;
Е - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан мүлігі бар жеке тұлға».
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. «Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша» деген бөлімді есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар және «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 6 D торкөзін белгілеген жеке тұлға толтырады:
1) 240.00.023 А жолы ақшасы бар жеке тұлғаның, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетел банктерінің атауын көрсетуге арналған;
2) 240.00.023 В жолы осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес А бағанында көрсетілген шетел банкінің құрылған (тіркелген) елінің кодын көрсетуге арналған;
3) 240.00.023 С жолы осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың ақшасы орналасқан, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетел банктеріндегі валюта кодын көрсетуге арналған;
4) 240.00.023 D жолы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетел банктерінің банктік шоттарындағы ақша сомасын көрсетуге арналған.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
|
Е. Жамаубаев |