Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар Мемлекеттік кірістер органдары үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу міндеттері:

1) Мемлекеттік кірістер органдарында жұмыс істейтін адамдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру;

2) Сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
Дата публикации
13 мая 2020