Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы

«Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» (бұдан әрі – Келісім) Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Мәскеу қаласында 2022 жылғы 19 сәуірде қол қойылған Келісімді ратификациялауға бағытталған.

Келісімді ратификациялау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – Одақ) аумақтары арқылы тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қазіргі заманауи техникалық және технологиялық шешімдерді қолдану арқылы навигациялық пломбаларды қолдана отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттің аумағы арқылы халықаралық тасымалдауды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Келісім халықаралық тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану тәртібін реттеуді, Одаққа мүше мемлекеттердің бақылаушы органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Одақ аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты мемлекеттік бақылау шараларын қолдануды барынша азайтуға бағытталған.

Келісімнің ережелері келісімді ратификациялау арқылы білдіретіндігін көздейтінін ескере отырып, осы халықаралық шартты ратификациялау талап етіледі.

Осы Келісімді іске асыру республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Жоғарыда жазылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына және                     13-бабының 2-тармағына сәйкес «Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізеді.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы
Дата публикации
01 июля 2022