Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 15 тамыздағы № 933"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №306 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже бекітілді.
Комитеттің орталық аппаратының штат саны "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі комитеттерінің штат санын бекіту туралы"ҚР ҚМ аппараты басшысының 30.11.2021 жылғы №1236 бұйрығымен бекітілген.
Комитеттің орталық аппаратының құрылымы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымын бекіту туралы"ҚР Қаржы министрінің 30.11.2021 жылғы №1237 бұйрығымен бекітілген.
Комитеттің аумақтық органдарының штат саны "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық органдарының штат санын бекіту туралы"ҚР ҚМ аппарат басшысының 30.11.2021 жылғы №1239 бұйрығымен бекітілген.
Комитеттің аумақтық органдарының құрылымы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық органдарының құрылымын бекіту туралы"ҚР Қаржы министрінің 30.11.2021 жылғы №1238 бұйрығымен бекітілген.
Бекітілген ұйымдық-штаттық құрылым және штаттық кесте негізінде Комитетті Төраға басқарады, оның бес орынбасары болады.
Комитетте 13 Департамент, 48 басқарма (оның ішінде 8 дербес) құрылған, комитеттің аумақтық органдары облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша 20 мемлекеттік кірістер департаменттерінен, 229 Мемлекеттік кірістер басқармаларынан, 65, кеден бекеттерінен, 2 мамандандырылған мемлекеттік мекемелерден (Оқу-әдістемелік орталығы, Орталық кеден зертханасы) тұрады.
31.12.2024 жылғы жағдай бойынша Комитеттің штат саны 11 145 бірлікті құрайды, оның ішінде: орталық аппарат – 640, аумақтық органдар – 10 505 (Оқу-әдістемелік орталық – 32, орталық кеден зертханасы – 59.