Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы

 

Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының                        1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильдік қосымшаны пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және     2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
02 июля 2021