Кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

 

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және     2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
22 июня 2021