«Тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

«Тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
    1 ақпандағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16375 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 438-бабының                            2) тармақшасына және 461-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жеке тұлғалар тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импорттайтын тауарларға жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жеке тұлғалар тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импорттайтын тауарларға жатқызудың мынадай өлшемшарттары бекітілсін:

1) егер осы тармақтың 2-3) тармақшасында өзгеше көзделмесе, құны күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен еңбек ақының 12 еселенген мөлшерінен асатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу;

2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан жеке тұлғаның атына 1 (бір) жыл ішінде келесідей көлемде:

теріден жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бір адамға бір атаудағы 1 (бір) заттан артық;

ұялы телефон – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;

планшет – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;

стационарлық, тасымалданатын (портативті) компьютер және оған арналған керек-жарақтар – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;

зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 (бес) заттан артық;

қол сағаттары – бір адамға 1 (бір) бірліктен артық;

велосипед – бір адамға 1 (бір) бірліктен артық;

балалар арбасы – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;

автокөлік құралдары – 1 (бір) бірліктен артық;

мамандандырылған техника – 1 (бір) бірліктен артық;

жиһаз – бір адамға 10 (он) бірліктен артық;

көлік құралдары мен мамандандырылған техниканың қосалқы бөлшектері – бір адамға бір атаудағы 2 (екі) бірліктен артық;

аралау материалдары – 60 м3 (алпыс текше метрден) артық;

тұрмыстық техника – бір адамға бір атаудағы 2 (екі) бірліктен артық және барлығы 20 (жиырма) бірліктен артық;

кірпіштер – 20 (жиырма) тоннадан артық;

қаптайтын құрылыс материалдары – 10 (он) тоннадан артық тауарлар әкелу;

3) жеке тұлғалар көлік құралымен, сондай-ақ қол жүгі ретінде 1 (бір) ай ішінде, бір адамға жалпы салмағы 50 килограмнан асатын тауарларды әкелуі, кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарлар деп танылады.

​ Өлшемшарттар бұрын қолданыста болған және жол жүруге және (немесе) межелі орында қажетті және: жол жүруге және (немесе) межелі орында, оның ішінде маусымдылығын, жол жүру мақсатын, көлік түрін ескере отырып пайдалану, тозу (оның ішінде сызаттар, майысулар, өзге де механикалық зақымданулар), жуу, өзге де пайдалану белгілерінің болуы, жапсырмалардың, заттаңбаларының, этикеткалардың, бастапқы орамдарының болмауы жағдайындағы тауарларға қатысты қолданылмайды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. «Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 717 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12746 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                               Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  
Дата публикации
01 июня 2021