«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен салық төлеушінің контрагенттерді дербес тексеруі үшін ақпараттық жүйені жүргізу мақсатында өзара іс-қимыл қағидаларын, сондай-ақ салық төлеушінің контрагенттерді дербес тексеруі үшін индекстерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 22-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленді.
Көрсетілген бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты салық төлеушінің контрагентті таңдау кезінде тиісті сақтықты іске асыру болып табылады.