«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржы министрінің бұйрығының жобасы

«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген,
    Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі актісінің нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулының нысаны;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес дебиторлардың банктік шоттардағы ақшасына өндiрiп алуды қолдану туралы хабарламаның нысаны;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар есебіне мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің күшін жою туралы шешімнің нысаны;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің нысаны;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарламаның нысаны;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының нысаны;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруін қамтамасыз етуден бас тарту туралы хаттаманың нысаны;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес құжаттарды не олардың көшірмесін алу актісінің нысаны;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қараудың қорытындылары туралы хабарламаның нысаны;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нысаны;

17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес нұсқаманың нысаны;

18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес нұсқамаға қосымша нұсқаманың нысаны;

19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаның нысаны;

20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомалары туралы хабарламаның нысаны;

21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысаны;

22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;

23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімнің нысаны;

24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес бюджеттен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексеру актісіне қорытындының нысаны;

25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдарынан келіп түскен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен мәліметтерді мемлекеттік кірістер органының алуы туралы хабарламаның нысаны;

26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес салық есептілігін кері қайтарып алуға мемлекеттік кірістер органдары шешімінің нысаны;

27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаның нысаны;

28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салықтық есептіліктің ұсынылмауы туралы хабарламаның нысаны;

29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғалардың декларацияларды тапсырмауы туралы хабарламаның нысаны;

30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің тұрған жерін (жоқтығын) растау туралы хабарламаның нысаны;

31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес салық талабының нысаны;

32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешімнің нысаны;

33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешімге қосымша шешімнің нысаны;

34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап нысаны;

35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаның нысаны;

36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкерлерге арналған арнайы салық режимін қолдануға патенттің нысаны;

37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес салық режимін қолдану туралы хабарламаның нысаны;

38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органы есептеген салықтар сомасы туралы хабарламаның нысаны;

39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтері негізінде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының есептелген сомасы туралы хабарламаның нысаны;

40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындының нысаны;

40-1) осы бұйрыққа 40-1 қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді насаны;

 40-2)осы бұйрыққа 40-2 қосымшаға сәйкес кешенді көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы хабарлау нысаны;

40-3) осы бұйрыққа 40-3 қосымшаға сәйкес кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық кестесінің нысаны;

40-4) осы бұйрыққа 40-4 қосымшаға сәйкес бұзушылықты жою туралы хабарламаның  нысаны;

40-5) осы бұйрыққа 40-5 қосымшаға сәйкес хабарлау нысаны;

40-6) осы бұйрыққа 40-6 қосымшаға сәйкес бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің  нысаны;

40-7) осы бұйрыққа 40-7 қосымшаға сәйкес, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісінің нысаны бекітілсін.»;

11, 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 29-1 және 38-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Осы бұйрыққа 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27 қосымшаларға сәйкес 40-1,
40-2, 40-3, 40-4, 40-5, 40-6, және 40-7 қосымшалармен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

            

Аты-жөні

 

«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
23 февраля 2021