Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Төрағасының 2016 жылғы
«07» қыркүйектегі № 522 бұйрығына
185-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау, салықтардың, кеден және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстаудың, аударудың толықтығымен уақыттылығын қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі өнімдерінің өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласында мемлекеттік реттеу және бақылау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одағының кеден шекарасы арқылы өткізумен, оларды Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен байланысты қатынастарды, заңнамада көзделген шектерде кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы органның жүргізілуіне жататын әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықтау және қарау бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
1261
- Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентiнің, Үкiметiнiң актілерiне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сəйкес жүзеге асырады.
- Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тiлінде өз атауымен мөрi жəне мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
- Департамент, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес осыған уəкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болып шығуға құқылы.
- Департамент өз құзыретінің мəселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіпте Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Штат санынының құрылымы мен лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес бекітіледі.
- Департаменттің заңды мекенжайы: пошта индексі 150000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, К. Сутюшев көшесі, 56.
- Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже Департаменттiң құрылтай құжаты болып табылады.
- Департаменттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
- Департаментке кəсiпкерлiк субъектiлермен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мəнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
- Егер Департаментке заңнамалық актілермен табыс əкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- Департаменттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Департаменттің міндеттері:
- өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кəсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның жəне мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
1262
- салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтем баждардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының салық, кеден саясатын іске асыру;
- Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз
ету;
- өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер əлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сəйкес Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды жəне (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
- өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық, кеден жəне өзге де заңнамасының сақталуын жəне орындалуын қамтамасыз ету;
- өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу, тыйым салу мен шектеу, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
- кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету жəне Еуразиялық экономикалық одағының кеден шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасау;
- Еуразиялық экономикалық одағының кеден аумағындағы зияткерлік меншік объектілеріне құқық қорғауды қамтамасыз ету;
- кедендік операциялар жасау жəне өзара əкімшілік көмек көрсету шеңберінде кедендік бақылау жүргізу;
- тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
- трансферттік баға қолдану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыру;
- этил спирті мен алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің жəне биоотынның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
- әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстаудың және аударудың толықтығы мен уақыттылығын қамтамасыз ету;
1263
- оңалту рəсімінің жəне банкроттық рəсімнің жүргізілуіне мемлекеттік бақылау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда);
- зертханалық сараптаманы қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу;
- Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау жəне өсімдіктер карантині бойынша бақылау органдарының қызметтерін үйлестіру;
- Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік жəне санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
- Департаменттің функциялары:
- салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтем баждардың толық және уақтылы түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
- Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамаларымен және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
- өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау;
- Департамент құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық, кеден жəне өзге де заңнамасының сақталуына
1264
бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық жəне мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
- салықтық жəне кедендік əкімшілендіруді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес салықтық бақылауды жəне Еуразиялық экономикалық одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес кедендік бақылауды (оның ішінде тауарларды шығарғаннан кейін) жүзеге асыру;
- салықтық жəне кедендік əкімшілендіру бизнес-процестерін жаңғыртуға жəне реинжинирингтеуге қатысу;
- келіп түсетін кеден iсi саласындағы сұрау салулар мен ұсыныстардан туындайтын жауаптарды уақтылы қарау жəне беру немесе өзге де iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
- кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша кепілгерлік шарт қарау жəне олар бойынша шешім қабылдау;
- Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
- мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сəйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
- ақпараттық жүйелерді, байланыс жəне деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қорғау құралдарын пайдалану;
- тəуекелдерді басқару жүйесін қолдану;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіпте салықтық тексерулерді, Қазақстан Республикасының жəне Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасында көзделген тəртіпте кедендік тексерулерді, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тəртіпте трансферттік баға белгілеу мəселелері бойынша тексерулерді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіпте жоспардан тыс салықтық тексерулерді жүзеге асыру;
- кедендік баждарды және салықтарды, сонымен қатар арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарды өндіру, оларды есептеудің дұрыстығы және төлеудің уақыттылығын, есепке алуды (қайтаруды) бақылау және оларды мәжбүрлеп өндіру бойынша шараларды қолдану;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіпте ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен жəне өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мəселелер бойынша ақпаратты Интернет-ресурсқа орналастыру;
1265
- салық берешегін, кеден төлемдері, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- хаттамалар жасау жəне əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, əкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;
- Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тəртіпте заңды күшіне енбеген əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды қайта қарау;
- есеп жүргізу тəртібі бұзылған жағдайда жанама əдістер негізінде салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді (активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығындарды, шығыстарды) айқындау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту мәселелерін қарау;
- салық міндеттемесінің туындауына, орындалуына жəне тоқтатылуына байланысты мəселелер бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру жəне түсініктер беру;
- нормативтiк құқықтық актілерде белгiленген құзыретi шегінде салықтық жəне салықтық емес түсiмдерді бақылау жəне талдау (мемлекеттiк кəсiпорындар пайдасының үлесiнен, мемлекеттiк меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтерден, «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін жалгерлiк төлемнен, республикалық мемлекеттiк мүлiктi жалға беруден жəне сатудан, мемлекеттiк меншiк объектілерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден, капиталмен жасалған операциялардан алынатын түсiмдерден басқа);
- мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан əрі пайдалану жəне өткізу тəртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
- алкоголь өнімін сақтауға, көтерме жəне бөлшек саудада өткізуге лицензия беру;
- этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау
1266
- этил спиртінің, алкоголь айналымы саласында есепке алуды, есептілікті жүргізу;
- темекі айналымы саласында есепке алуды, есептілікті жүргізу;
- этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласында, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің жəне биоотынның айналымы саласындағы бұзушылықтарға мемлекеттік бақылау жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ықпал ету шараларын қабылдау;
- этил спиртінің алкоголь өнімін өндірушілерге, фармацевтикалық кəсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерге сатылуын, сондай-ақ этил спиртін техникалық мақсатта жəне алкогольді емес өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын ұйымдарға бақылау;
- этил спирті мен алкоголь өнімінің белгіленген ең төменгі өндіру көлемін бақылау;
- өз құзыреті шегінде субъектілердің этил спиртінің, алкоголь өнімінің жəне темекі өнімдерінің, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің жəне биоотынның өндірісі мен айналымы саласында қолданылатын технологиялық үрдістің, сақтаудың жəне сатудың, техникалық регламенттер мен стандарттардың нормаларын, қағидаларын жəне нұсқаулықтарын сақтауын бақылау;
- этил спиртін өндірудің технологиялық желілерінің жəне алкоголь өнімдерін құю желілерінің тиісті спирт өлшейтін аппараттармен жəне есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтандырылуын, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарында, мұнай өнімдерінің базаларында жəне жанармай құю станцияларында есептеуші бақылау аспаптарын, жəне олардың жұмыс істеуін бақылау;
- этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің айналымын ілеспе жүкқұжаттары жəне этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы бойынша декларация арқылы бақылауды жүзеге асыру;
- этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жəне биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- темекі бұйымдарын айналымы көлемдерінің теңгерімін бақылауды, есепке алу мен талдауды жүргізу;
- этил спирті мен алкоголь өнімдерін айналымын бақылауды жүзеге
асыру;
- мұнай өнімдері және биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру;
- алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылау;
44-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өнімді өткізуді бақылау;
1267
- мемлекеттік кірістер органының қарамағына жатқызылған мəселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жəне өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
- оңалту рəсімін жəне банкроттық рəсімді жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- жалған жəне қасақана банкроттық белгілерін анықтау;
- Қазақстан Республикасы оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қабылдау;
- санкцияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратуды жүзеге
асыру;
- Қазақстан Республикасы оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуына келісу;
- уақытша əкімшінің, оңалтуды, уақытша жəне банкроттықты басқарушылардың əрекеттеріне жасалған шағымдарды қарау;
- мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан жəне олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабілетсіз жəне дəрменсіз борышкерлер туралы ақпараттың сұратылуын жəне алуын жүзеге асыру;
- уақытша жəне банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы жəне олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну;
- сотқа уақытша басқарушының, уақытша əкімшінің тіркеуден шығарылғаны туралы, сондай-ақ кредиторлар жиналысына оңалту не банкроттық басқарушының тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама жіберу;
- Департаментің өкілеттіктеріне жататын мəселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жəне қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
- борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу тəртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
- кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау;
59) табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған, оларға қатысты Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында осындай тәртіп көзделген ұйымдардың банкроттығы кезінде ерекше шарттар белгілеу бойынша ұсыныстарды және мүліктік массаны өткізу тәртібін және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды еңгізу;
1268
- оңалтушы басқарушының оңалту рəсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жай-күйі туралы мəліметтерді жинаудың жəне банкроттық рəсімнің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттық басқарушының банкроттық рəсімнің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпараттарын қарау;
- уақытша басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екені жəне оның есебінен банкроттық рəсімді жүзеге асыруға болатын мүліктің (активтердің) жоқ екені туралы қорытындысын ескере отырып, жоқ борышкерді банкрот деп тануды жəне банкроттық рəсім қозғамай оны таратуды келісу;
- Қазақстан Республикасы оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуына келісу;
- Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;
- өз құзыреті шегінде оңалту жəне банкроттық рəсімдердің жүргізілуі, өткізілуі жəне тоқтатылуы бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
- сотқа уақытша басқарушының, уақытша əкімшінің тіркеуден шығарылғаны туралы, сондай-ақ кредиторлар жиналысына оңалту не банкроттық басқарушының тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама жіберу;
- оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны шеттету;
- кредиторлар талабының тізілімін интернет-ресурсқа орналастыру;
- Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес интернет-ресурсқа орналасытру:
кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама;
банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлар талабының мәлімдеуі тәртібін жариялау;
борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы жариялау;
оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеуі тәртібі туралы жариялау
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен көзделген жағдайда кредиторлардың алғашқы жиналысын;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте банкроттық рәсімін қозғамай банкротты тарату жүргізу;»;
1269
«Оңалту жəне банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 118-бабында белгіленген тəртіпте банкроттық рəсімін қозғамай банкротты тарату жүргізу;
- борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу тəртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
- Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланумен кедендік декларациялауды жəне кедендік тазартуды жүзеге асыру;
- қолма-қол ақша қаражаты мен ақша аспаптарына кедендік декларациялауды жүзеге асыру;
- жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тəртібін ұйымдастыру;
- халықаралық почта жөнелтілімдерімен жеке пайдалануы үшін жіберілетін тауарларды өткізу тəртібін ұйымдастыру;
- шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының тауарларын Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тəртібін ұйымдастыру;
- кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға бақылауды жүзеге асыру;
- сыртқы экономикалық жəне кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мəселелер жəне мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге мəселелер бойынша, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одағының жəне Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар етуді жəне кеңес беруді тұрақты негізде қамтамасыз ету;
- Еуразиялық экономикалық одағының жəне Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес шартты шығарылған тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қорғауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұлттық қауіпсіздік органдарымен жəне басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасын қорғауды жəне кедендік бақылау аймағы режимін сақтауды қамтамасыз ету;
- тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;
1270
- тарифтік преференциялар берудің дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;
- Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың сыныптауына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) бақылауды жүзеге асыру;
- тауарлардың кедендік құнының дұрыс айқындалуына бақылауды жүзеге асыру, соның ішінде таңдалған әдістің және мәлімделетін кедендік құны құрылымның дұрыс қолданылуына және олардың негізінде тауарлардың кедендік құнын әкімшілендірудің деңгейін жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу;
85-1) тауарлардың кедендік құны бойынша алдын ала шешімдер қабылдау;
85-2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына талдау жүргізу;
85-3) заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік құны, сыныптау және шығарылған жері бойынша қорытындылар шығару;
85-4) тауарлардың кедендік құны мәселелері бойынша тәуекел бейінін әзірлеуге қатысу;
- Еуразиялық экономикалық одағы тауарларының мəртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рəсімдер шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру;
- ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану мәселелері бойынша, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша;
- Еуразиялық экономикалық одағының жəне Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босату берілетін құжаттарды қарау;
- Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа əкелуді немесе əкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мəдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына əкелу немесе Қазақстан Республикасынан əкету жөнінде ақпарат жинауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ақпаратты қорғау жəне ақпарттық қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуды жүзеге асыру;
1271
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
- Департаменттің құқықтары мен міндеттері. Құқықтар:
- салықтық жəне кедендік бақылауды, оның ішінде салықтық жəне кедендік тексеруді өткізу жолымен жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіпте жəне халықаралық шарттарының ережелеріне сəйкес Департаменттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды, сондай-ақ өзге де мəліметтерді сұрату жəне алу;
- салықтық жəне кедендік бақылауды жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіпте түрлі білім салаларының мамандарын тарту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, оның ішінде кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіні (салық агентін), декларантты жəне тұлғаны банкрот деп тану туралы, мəмілелерді жарамсыз деп тану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар салық төлеуші (салық агенті) акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мəжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы соттарға талап-арыз беру;
- меншік нысанына қарамай ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан құжаттарды, оның ішінде коммерциялық, банктік жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді, ақпаратты талап етуге, тауарларды көрсетуді, түгендеу мен тексеруді талап етуге, сондай-ақ аталған тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіпте Комитеттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өзге де əрекеттерді жасауды талап ету;
1272
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіпте өзара ақпарат алмасуды, оның ішінде электрондық тəсілмен қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
- салық заңнамасының жəне Еуразиялық экономикалық одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының мəселелері бойынша қоғамның салық жəне кеден мəдениетін жəне хабардарлығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жəне өткізу;
- Департамент қызметкерлеріне даярлауды, қайта даярлауды жəне біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Еуразиялық экономикалық одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- салық салу жəне кеден ісі саласында халықаралық шарттар жасасу жəне оған қосылу бойынша ұсыныстар енгізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіпте салық салумен байланысты объектілерді жəне (немесе) салық салу объектілерін жанама əдіспен анықтау;
- оңалту рəсімдерін жəне банкроттық рəсімдерді жүргізуде əкімшілердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына тексеру жүргізу;
- əкімшілердің оңалту рəсімдерін жəне банкроттық рəсімдерді жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына тексеру өткізуге басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарту;
- əкімшінің қызметіне камералдық бақылау нəтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы, сондай-ақ осы бұзушылықтар үшін босатылған бұның алдындағы əкімшінің қызметіне тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;
- əкімшінің қызметіне камералдық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалғаны туралы есеп берілуін талап ету;
- этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін жəне айналымын реттеу мəселелері бойынша басқа мемлекеттердің жəне Қазақстан Республикасының жеке жəне заңды тұлғаларынан консультанттар мен сарапшыларды, басқа да мемлекеттік органдардың мамандарын тарту;
- этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің, темекі өнімдерінің өндірісі жəне айналымы, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің жəне биоотынның айналымы саласында қызмет ететін субъектілердің технологиялық үрдістердің, техникалық регламенттер мен стандарттарын сақтау жəне іске асырудың нормаларын, ережелерін жəне нұсқауларын сақтауын тексеру;
- этил спирті өндірісінің технологиялық желісін жəне алкоголь өнімдерінің құйылу желісін тиісті спирт өлшеуші аппараттармен жəне есепті
1273
бақылау құралдарымен жабдықталуына жəне олардың жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыру;
- Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағынан мемлекеттік кірістер органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтату, сондай- ақ су жəне əуе кемелерін мəжбүрлеп қайтару;
- өз құзыреті шегінде темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымына мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мəліметтер беру туралы темекі өнімдерін өндірушілерге сұрау салу жіберу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыру;
- көшпелі кедендік тексерулер жүргізу кезінде алып қою актісін жасай отырып, тексерілетін тұлғадан құжаттарды не олардың көшірмелерін алып қою;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен айыруға не өзге тәсілмен билік етуге бағытталған іс-әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне тауарларға тыйым салу немесе оларды алып қою;
- көшпелі кедендік тексерулер жүргізілетін құжаттар мен тауарлардың үй-жайларын, қоймаларын, мұражайларын және өзге де орналасу (сақтау) орындарына сүргі салу;
24-1) кеден органының лауазымды тұлғаларымен көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқама және қызметтік куәлікті ұсыну кезінде тексеріліп жатқан тұлғаның объектілеріне қол жеткізу;
- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сəйкес шет мемлекеттерге кеден ісі мəселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ресми өкілдерін жіберу;
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе арасынан алуды жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- жəне аудиожазба, кино- жəне фотоға түсіру жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін тауарлар сатып алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіпте қару, оқ-дəрі, арнайы құралдар сақтауға, алып жүруге жəне қолдануға, сондай-ақ
1274
қажет болған кезде білек күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тəсілдерін де қолдану;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру құқығы бар.
Міндеттері:
- декларанттардың жəне кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) заңды құқықтарын сақтау;
- мемлекет мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен жəне басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасына қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- салық, кеден жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы жəне өтемдік баждар түсімінің толықтығын, уақтылығын көздейтін заңнаманың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
- салықтық жəне кедендік əкімшілендіруді жүзеге асыру;
- акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін жəне айналымын мемлекеттік реттеу мəселелері бойынша субъектілерге тексеру жүргізу;
- уəкілетті жəне жергілікті атқарушы органдардың салықты жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы жəне аудару уақтылылығы мəселелері бойынша тексеру жүргізу;
- салық берешектерін, кедендік төлемдер және салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдар бойынша берешектерін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектерін мәжбүрлеп өндіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
1275
- өз құзыреті шегінде артық (қате) төленген немесе артығымен өндіріліп алынған салық, кедендік баждар, кедендік алымдар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсіппұлдар сомаларын есепке жатқызады жəне (немесе) қайтарады, айыппұлды, аванс төлемдерінің сомаларын жəне кедендік баждардың төлеуін қамтамасыз ету сомаларын қайтарады;
- мемлекеттік кірістер органдарының жəне оның лауазымды адамдарының шешіміне, іс-əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіпте жəне мерзімде қарау;
- салықтық құпияны жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіпте бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттеріне жəне стандарттарына сəйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
- Департаменттің құзыреті кіретін мəселелер бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін, мəлімдемелері мен шағымдарын қарау;
- əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау жəне істерді қарау, əкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа шараларды қолдану;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тарту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына жəне олардың отбасы мүшелеріне қатысты құқыққа қарсы іс-əрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету;
- салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептелген, ұсталған және аударылған міндетті әлеуметтік төлемдерді есепке алуды жүргізу;
- трансферттік баға белгілеу мəселелері бойынша салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы жəне тоқтатылуы жөнінде, сондай-ақ оңалту жəне банкроттық рəсімдерді тоқтату жəне жүргізу, енгізу бойынша түсіндіруді жүзеге асыру жəне түсініктемелер беру;
1276
60) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беру, салық нысандарын толтыру тəртібін түсіндіру;
- бұқаралық ақпарат құралдарында декларанттардың жəне кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) кедендік төлемдері жəне салық, өсімпұлдары бойынша берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің), сондай-ақ əрекетсіз заңды тұлғалардың жəне заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіпте жəне жағдайда жалған кəсіпорындар болып танылған салық төлеушілердің тізімдерін жариялау;
- мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан əрі пайдалану жəне өткізу тəртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тиісті уəкілетті мемлекеттік органға берілуінің толықтығы мен уақтылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылығын бақылауды жүзеге асыру;
- мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
- уəкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы жəне аудару уақтылылығы мəселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;
- Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру;
- кеден ісі саласында ақпарат жəне консультация беруді өтеусіз жүзеге
асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіпте бекітілген салық төлеушіге (салық агентіне) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін жəне (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін беру;
- өз өкілеттігі шегінде декларанттарға жəне кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға өз құқықтарын іске асыруға жəрдемдесу;
- декларанттардың жəне кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одағы жəне (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген шарттарды сақтауы жəне міндеттерді орындауы бойынша олардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
1277
- өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасының күзетуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заннамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
- Департаменттің қызметін ұйымдастыру
- Департаменттің басшылығын Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына жəне оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Басшы жүзеге асырады.
- Департаменттің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметке тағайындалады жəне қызметтен босатылады.
- Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметке тағайындалатын жəне қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
- Департаменттің басшысы мынадай өкілеттікті жүзеге асырады:
- өз орынбасарларының, Департаменттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, жұмыскерлерінің, Департаменттің аумақтық органдары басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
- Департаменттің штат санының лимиті шегінде Департаменттің штат кестесін бекітеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес:
Департаментің жұмыскертлерің;
аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша жəне арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларын;
кедендік бекеттерінің басшыларын жəне олардың орынбасарларын;
1278
«кедендік ресімдеу орталығы» кедеп бекеттерінің – басқармаларының басшыларын;
Аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша және арнайы экономикалық аймақтардын аумақтарындағы басшылардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіпте тəртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;
- Департаменттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiптен Департаменттің басшыларының орынбасарларын, Департаменттің жұмыскерлерін және Департаменттің аумақтық органдарының басшыларын жəне басшылардың орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу жəне сыйлықақы беру мəселелерін шешеді;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапкершілікте болады;
- Комитетке берілетін ақпараттардың дұрыстығына дербес жауапкершілікте болады;
- өз құзыреті шегінде Департаменттің актілеріне қол қояды;
- барлық мемлекеттік органдарда жəне өзге де ұйымдарда Департаментті білдіреді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департаменттің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес оны алмастыратын тұлға тұлға жүзеге асырады.
- Департаменттің мүлкi
- Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нəтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті жəне қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тəсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
- Департаментті қайта ұйымдастыру жəне тарату
1279
- Департаментті қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.