Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруЖАДЫНАМА
кірістер мен мүлік туралы декларация бойынша
Декларация нысаны
270.00 – нысан – «Кірістер мен мүлік туралы декларация».
«Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» кімге тапсыру қажет
2021 жылы активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынған жеке тұлғалар күнтізбелік жыл үшін кірістері мен мүлкі туралы Декларацияны (270.00-нысан) жыл сайын ұсынуға міндетті.
«Кірістер мен мүлік туралы декларацияда» көрсетілетін мәліметтер
- Есепті күнтізбелік жылда алынған кірістер;
- Салықтық шегерімдер;
- Мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару фактісі;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік;
- Нотариалды куәландырылған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек. ҚР Екінші деңгейдегі банктеріне берешек көрсетілмейді.
Маңызды!
Декларацияда табыстың келесі түрлері бойынша жеке табыс салығын (ЖТС) көрсету және есептеу қажет:
- мүліктік кіріс;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алынатын кірістер;
- салық агентінен алынбаған үй қызметкерлерінің табыстары;
- салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыскердің кірісі;
- Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыскердің табысы;
- кәсіпқой медиатордың табысын қоспағанда, медиатордың кірісі;
- жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс.
Ескертпе
Табыстардың осы түрлерін кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсету және олар бойынша ЖТС есептеу кезінде 240.00 нысандағы декларацияны табыс ету талап етілмейді (Салық кодексінің 363-бабы 1-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацы).
Бұдан басқа, жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салық кезеңі ішінде келесі мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді:
- Мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі;
- Мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелері;
3) Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі;
4) Бағалы қағаздар;
5) Инвестициялық алтын;
6) Туынды қаржы құралдары;
7) Тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі.
«Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны» ұсыну мерзімі
Қағаз тасығышта-2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
Электрондық түрде-2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.
«Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» ұсыну тәсілдері
Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz) және eSalyq Azamat мобильді қосымшасы.
Қағаз тасығышта - мемлекеттік кірістер органдарына.
«Кірістер мен мүлік туралы Декларацияны» қайда тапсыру қажет
Жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлерді және жеке тәжірибемен айналысатын адамдарды қоспағанда, мысалы, мемлекеттік қызметшінің жұбайы (зайыбы) тұрғылықты (болатын) жері бойынша декларация тапсырады.
Жеке кәсіпкерлер және жеке тәжірибемен айналысатын адамдар декларацияны орналасқан жері бойынша табыс етеді.
Қолма - қол ақша қаражаты 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомада кедендік декларациялауға жатады.
Бұл ретте бір жеке тұлға ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы бір мезгілде 100 мың АҚШ долларынан астам сомада қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын (баламада) өткізген кезде жолаушылар кедендік декларациясын берумен бір мезгілде осындай қаражаттың шығу тегін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынады:
1) 10 000 (он мың) АҚШ долларының баламасынан асатын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкету күніне белгіленген бағамы бойынша есептелген сомадағы шетел валютасындағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) ақша құралдарын;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын "ALTYN BARYS" алтынынан және "KÚMIS BARYS" күмісінен жасалған 5, 10, 20, 50 және 100 грамм тазартылған алтынның алтын құймалары және инвестициялық монеталар, сондай-ақ 100 грамнан астам тазартылған алтын.