
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінің архитектурасы бес негізгі жүйені қамтиды:
* Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі (СӘИЖ);
* KEDEN;
* Smart Data Finance (SDF);
* Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ);
* Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі электрондық жүйе (ЭШФ).
Бұл жүйелер салық төлеушінің тіркеуден бастап қызметін тоқтатуға дейінгі толық өмірлік циклін қамтитын салықтық және кедендік әкімшілендіру процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Жүйелерде салықтарды есептеу және есепке алу, Дербес шоттарды жүргізу, есептілікті қабылдау және өңдеу, бақылау іс-шараларын жүргізу, тәуекелдерді басқару, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта ұсыну функциялары іске асырылды.