Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңы

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Комитет валюталық бақылау органдарының бірі болып табылады және оған ұлттық және (немесе) шетел валютасын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша репатриациялауды мониторингтеу және бақылау, құжаттық тексерулер жүргізу, валюталық заңнаманы бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту, соның ішінде істерді құқық қорғау органдарына беру функциялары жүктелді.

2018 жылғы 2 шілдедегі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, валютаны (ұлттық және (немесе) шетел валютасындағы экспорттан түскен түсімді) репатриациялау талабы көзделген.

Мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және валюталық бақылау агенттерімен бірлесіп, резиденттер (шетелдік ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) қоспағанда) тарапынан репатриациялау талабын орындауды бақылау мақсатында экспорт немесе импорт бойынша жекелеген валюталық шарттар шеңберінде ақша қаражатының қозғалысы мен өзге де міндеттемелердің орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады.

Аталған Заңның 13-бабына сәйкес, валюталық операцияларға мониторинг жүргізу көзделген. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті банктер экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттарға есеп нөмірлерін тағайындайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 бірлескен қаулысымен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығымен Қазақстан Республикасындағы экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді. Бұл Қағидаларда, соның ішінде экспорттаушы немесе импорттаушының экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартқа есеп нөмірін алу тәртібі, сондай-ақ экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт репатриациялау талабын бақылауға жататын жағдайлардағы шарттың сомасы бойынша шекті мәндерді қоса алғанда, шарттар мен критерийлер айқындалған.

2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 175-бабы 1-тармағына сәйкес, тауарлар кедендік рәсімге орналастырылған кезде немесе Кодекстің 341-бабының 4-тармағында, 355-бабының 4-тармағында және 364-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда кедендік декларациялауға жатады.

Кодекстің 176-бабының 1-тармағына сәйкес, кедендік декларациялау кезінде мынадай кедендік декларация түрлері қолданылады:

  1. тауарларға арналған декларация;
  2. транзиттік декларация;
  3. жолаушының кедендік декларациясы;
  4. көлік құралдарына арналған декларация.

Сонымен қатар, тауарларды кедендік тазартуды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №73 бұйрығымен бекітілген.

Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 «Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы және Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешімімен бекітілген.

Жолаушының кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізуге байланысты кедендік операцияларды жасау және жолаушының кедендік декларациясын толтыру тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 «Жеке пайдалану үшін тауарларды кедендік декларациялау туралы» шешімімен бекітілген.

Бұдан бөлек, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 «Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы» шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің II-бөліміне сәйкес, кедендік аумаққа әкелінетін (әкелінген) тауарларға арналған декларацияның 44-бағанында 03031 коды бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің валюталық заңнамасына сәйкес валюталық бақылау талаптарының сақталғанын растайтын құжаттың (деректердің) нөмірі мен күні көрсетіледі.

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 «Кедендік құжаттарды толтыру кезінде қолданылатын классификаторлар туралы» шешіміне сәйкес, құжаттар мен мәліметтердің түрлерінің классификаторы (қосымша 8) бекітілген, онда 03031 коды бойынша шарттың есеп нөмірі (экспорт/импортты көздейтін валюталық шартқа уәкілетті банк тағайындайтын есепке алу және есептілікті қамтамасыз етуге арналған тіркеу нөмірі) немесе мәміле паспортының нөмірі (Қазақстан Республикасы үшін) көрсетіледі.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, тауарларға арналған декларацияның 44-бағанында 03031 коды бойынша валюталық бақылау талаптарының сақталғанын растайтын құжаттың нөмірі мен күні туралы мәліметтерді толтыру талабы ЕАЭО-ның кеден заңнамасында белгіленген.

Осылайша, ЕАЭО және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік және валюталық заңнама талаптарын сақтау міндетті болып табылады.

Документы
Ақпарат
23 июня 2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қағида
30 декабря 2025
«Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 98 бірлескен қаулы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 809 бұйрығы
НҚА
17 января 2025
«Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 83 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 886 бірлескен қаулысы мен бұйрығы
Новости
Полезные материалы
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы