мобильді аударымдар

Кәсіпкерлердің алаңдаушылығын және мобильдік аударымдар мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға енгізілетін өзгерістерге қатысты туындаған мәселелерді ескере отырып, БҚО мемлекеттік кірістер департаменті, "Ақжайық-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, сауда және қызмет көрсету(такси қызметі) саласындағы бизнес субъектілерін шақыра отырып, БАҚ-тың қатысуымен толық түсініктемелер берілді.
БҚО МКД басшысының орынбасары Д.Б. Нүрғожаев, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қозғалған тақырып бойынша ақпарат берді.
Белсенді пікір алмасу өтті, оның барысында бизнес субъектілерінің өкілдері Д.С. Сариев, Ф. Шауенов, О. В. Эльберг өз позицияларымен және жағдай туралы ойларымен бөлісті, олар уәкілетті органның атына ҚР МКК есепке алу және жолдау үшін ұсыныстар енгізді.
Кездесу қорытындысы және алынған түсіндірулер бойынша жеке аударымдарға салық салынбайды деген қорытынды жасалды.
Ал жеке кәсіпкерлер салық төлеуден 2023 жылға дейін босатылды.