
Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу негіздерінің бірі ел азаматтары мен мемлекеттік аппарат арасындағы диалогтың заманауи түрін қамтамасыз ету үшін тұрғындардың декларация тапсыру механизмін енгізу болып табылады.
Мемлекет декларацияларды алынған кірістер және әлеуметтік шығыстар бойынша қолданылатын салық шегерімдері туралы ақпарат көзі ретінде пайдалана отырып:
- осы мәліметтерді талдайды;
- ел халқының қазіргі жағдайының егжей-тегжейлі көрінісін көреді;
- халықтың әлеуметтік осал топтарын айқындайды;
- мемлекеттік қолдау саясатын салмақтап құрады және түзетеді.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жаппай декларациялаудың төртінші кезеңіне жататын халықтың қалған санаттары – зейнеткерлер, жеке сектор қызметкерлері, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және басқа да тұлғалар – міндетті декларациялаудан босатылады.
Бұл ретте шетелде мүлкі бар тұлғалар және мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалардың жұбайлары сияқты азаматтар бұл жеңілдіктен тыс қалды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны келесі санаттағы тұлғалар тапсырады:
жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, жер учаскелері;
шетелдік банктердегі шоттардағы ақшалай қаражат, егер олардың жиынтық сомасы 1 000 АЕК-тен асатын болса (2024 жылы 1 АЕК – 3 692 теңге, 1 000 × 3 692 = 3 692 000 теңге);
инвестициялық алтын;
шетелдік компаниялардағы қатысу үлесі;
тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
шетелде тіркелген эмитенттердің бағалы қағаздары мен туынды қаржы құралдары;
шетелдік брокерлік шоттардағы ақша қаражаты;
зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
жеке тұлғаның алдында немесе жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы дебиторлық/кредиторлық берешегі (растаушы құжаттар болған жағдайда);
өз қалауы бойынша – бағалау құны 1 000 АЕК-тен асатын өзге де мүлік.