
Салық және кеден заңдарының және бюджетке салық және кеден төлемдерінің түсуін көздейтін басқа да заңнамалық актілердің орындалу тиімділігін зерделеу.
Салықтар, төлемдер және басқа да қаржылық міндеттемелер түсімдерінің динамикасын бақылау.
Барлық деңгейдегі бюджеттерге салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі бойынша болжамды бағалаудың орындалуын қамтамасыз ету.
Жауап
Жеке табыс салығы бойынша дивидендтерге салық салу бірнеше шарттарға бағынады. Жеке тұлға дивидендтер бойынша жеке табыс салығын төлеуден босатылады, егер келесі шарттар бір мезгілде орындалса:
дивидендтер есептелген күні құрылтайшының ЖШС-дегі үлесі 3 жылдан астам болса;
ЖШС Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады, бірақ дивидендтер төленетін кезеңде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
резидент ЖШС активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын құрылтайшының мүлкі дивидендтер төленген күні 50%-дан аспайды.
Егер барлық үш шарт бір мезгілде орындалса, онда ЖШС құрылтайшыға дивидендтер есептеуге және оларды төлем көзінен ЖАТ ұстамай төлеуге құқылы.
Ең болмағанда бір шарт орындалмаған жағдайда дивидендтер сомасына 5% ставка бойынша жеке табыс салығы салынады.
Дивидендтерді төлеу кезінде дивидендтерді жеке табыс салығын төлеуден босату шарттарына ұқсас шарттар орындалған жағдайда әлеуметтік салық есептелмейді.
Транзиттік декларациялардағы мәліметтерді тексерумен және оны тіркеумен байланысты транзиттік операциялар («ҚР-ғы кедендік реттемелеу» ҚР Кодексінің 182 бап), Кодекстің 154 бабы 5 тармағымен қарастырылған мерзімде жүзеге асырылады, ал Кодекстің 193 бабына сәйкес транзиттік декларацияны шығарумен байланысты операциялар транзиттік декларацияны тіркеген уақыттан бастап төрт сағат ішінде аяқталуы тиіс.
Кодекстің 8 бабына сәйкес тауарлар ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тасымалданған және (немесе) кедендік рәсімге орналастырылған кезде тыйым салулар мен шектеулер сақталады.