Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Салық төлеушілерге арналған жадынама

Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне):

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру;

2) салықтық міндеттемені орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді ұсыну;

3) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша электрондық төлем құжатын қалыптастыра отырып, электрондық нысанда салықтық есептілікті, осы Кодексте белгіленген өзге де есептілікті ұсыну үшін бағдарламалық қамтылымды беру;

4) жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерінің бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну;

5) салық органдарының интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

6) салық органдарының ұтқыр топтарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауы жолымен жәрдемдеседі.

7) салық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу;

8) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізу жолымен жәрдемдеседі.

Документы
Ақпарат
12 июня 2026
ЕАЭО шеңберінде әкімшілендіру басқармасы
Dear carriers and drivers!
Ақпарат
23 сентября 2021
Камералдық мониторинг басқармасы
POS-терминалдарды орнату және қолдану туралы.
Новости
Полезные материалы
Қазақстандықтар үшін шетелдік интернет-дүкендерден сәлемдеме алу тәртібі өзгермейді
Банкроттық рәсімдері жеңіл әрі ыңғайлы болуда
Салық төлеушілерге арналған жадынама
Медиагалерея
1
ЭДО
1
Салықтар қайда кетеді?
События
16 ноября
«Қаржы – экономика мен қоғамды нығайтудың негізі»! 2021 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге күніне орай Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде осы атаулы датаға арналған салтанатты жиын өтті. Облыстық департаменттің басқарма басшылары облыстың ДТД мәжіліс залына жиналды. Мерекелік шараның құрметті қонақтары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жамбыл облыстық филиалының директоры Е.Атымтаев пен осы мекеме директорының орынбасары Н.Ергебаев болды. «Атамекен» ҮЕҰ облыстық филиалының басшысы Е.Атымтаев жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыстық мемлекеттік кірістер органдарының барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, бақыт және жұмыстарына табыс тіледі. Сөз соңында кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін қорғауда белсенді және ұзақ мерзімді бірлескен жұмысы үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жамбыл облыстық филиалы атынан облыс МҚД-нің бірқатар қызметкерлеріне: Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қ.С. Кармандаевқа, басшының орынбасары Е. Сагитовқа, облыс департаментінің басқарма басшылары Е. Али, З. Мейрамгазимов, Ө. Қоспановтарға және Тараз қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары А. Дәулетбаевқа алғыс хаттарын табыс етті. Одан кейін облыс бойынша ДҚБ басшысы Қайрат Сүлейменұлы Қармандаев жиналғандарға мерекелік баяндама жасады. Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер депаратментінің басшысы Қайрат Сүлейменұлы Кармандаев өз баяндамасы барысында 1993 жылғы қарашада ұлттық валютаны енгізудің экономикалық және саяси алғышарттарын атап өтті. Жас мемлекеттің жаңа валютасының отандық экономиканың дамуы мен нығаюының кепілі болуына мүмкіндік берген дер кезінде және стратегиялық мақсаттарға баса назар аударылды. Еуразиялық экономикалық одақтың тең құқылы мүшесі ретінде Қазақстанды қамтыған интеграциялық үдерістердегі теңгенің алатын орны ерекше. Қорытындылай келе, Қ.С.Кармандаев Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, еңбекте табыс, жеке бақыт және отбасылық амандық тіледі. Одан әрі облыстық мемлекеттік кірістер басқармасы мен аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасының ең еңбек сіңірген мамандары, қаржыгерлерінің кәсіби мерекесіне орай құрмет көрсету шарасына ұласты. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі аппарат басшысының 2021 жылдың 8 қарашасындағы №794 бұйрығына сәйкес, Мойынқұм, Меркі аудандары бойынша МКБ басшылары Ш. Бегасылов пен М. Сырлыбаевқа, облыс бойынша МКД бөлім басшысы Н. Келесовқа «Қаржы қызметінің үздіктері» төс белгілері табыс етілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Құрмет грамоталарымен бас мамандар К. Қосдаулетов, С. Тайметова, Ф. Сармантаева марапатталды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғысы Байзақ ауданы бойынша МКБ бас маманы Э. Мамраимоваға, Шу ауданы бойынша МКБ бас маманы М. Илюбаевқа, Т. Рысқұлов ауданы бойынша МКБ бас маманы Д. Сабденбековаға жарияланды. Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының Құрмет грамоталарымен бас мамандар Н. Шортанбаев, Б. Қожабекова, К. Арымбеков, Д. Рахманбердиева және жетекші маман С. Абдуан марапатталды.
16 ноября
«Кәсіби мереке күніндегі марапаттау» 2021 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге күнін мерекелеуге орай Жамбыл облысының әкімі Б.М.Сапарбаев облыстың бірқатар қаржы институттарының басшыларын шақырды. Ол өзінің құттықтау сөзінде тынымсыз еңбегімен Республиканың экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттің қаржы жүйесі органдарының орасан зор рөлін атап өтті. Олар салық түсімдерін және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ұлғайтуға ұмтылады, бұл түптеп келгенде әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландырудың ұлғаюына және бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысының өсуіне әсер етеді. Жамбыл облысының әкімі Б.М.Сапарбаев жиналғандарды кәсіби мерекелері – Қаржыгерлер күнімен құттықтап, жиынға қатысушыларға зор денсаулық, бақыт және еңбекте табыс тіледі. Жиын соңында облыс әкімі барлығына өз салаларындағы белсенді жұмысы үшін алғысын білдірді. Жиынның соңы облыстық қаржы органдарының ерекше көзге түскен басшыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімімен аяқталды. Сонымен, облыстың дамуына қосқан елеулі үлесі және мінсіз мемлекеттік қызметі үшін Жамбыл облысы Әкімінің өкімімен Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қайрат Сүлейменұлы Қармандаевқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді.
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Часто задаваемые вопросы
Сұрақ -Дивидендтерге жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық салынады ма?

Жауап
Жеке табыс салығы бойынша дивидендтерге салық салу бірнеше шарттарға бағынады. Жеке тұлға дивидендтер бойынша жеке табыс салығын төлеуден босатылады, егер келесі шарттар бір мезгілде орындалса:
дивидендтер есептелген күні құрылтайшының ЖШС-дегі үлесі 3 жылдан астам болса;
ЖШС Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады, бірақ дивидендтер төленетін кезеңде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
резидент ЖШС активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын құрылтайшының мүлкі дивидендтер төленген күні 50%-дан аспайды.
Егер барлық үш шарт бір мезгілде орындалса, онда ЖШС құрылтайшыға дивидендтер есептеуге және оларды төлем көзінен ЖАТ ұстамай төлеуге құқылы.
Ең болмағанда бір шарт орындалмаған жағдайда дивидендтер сомасына 5% ставка бойынша жеке табыс салығы салынады.
Дивидендтерді төлеу кезінде дивидендтерді жеке табыс салығын төлеуден босату шарттарына ұқсас шарттар орындалған жағдайда әлеуметтік салық есептелмейді.

Транзиттік декларацияны ресімдеу мерзімі?

Транзиттік декларациялардағы мәліметтерді тексерумен және оны тіркеумен байланысты транзиттік операциялар («ҚР-ғы кедендік реттемелеу» ҚР Кодексінің 182 бап), Кодекстің 154 бабы 5 тармағымен қарастырылған мерзімде жүзеге асырылады, ал Кодекстің 193 бабына сәйкес транзиттік декларацияны шығарумен байланысты операциялар транзиттік декларацияны тіркеген уақыттан бастап төрт сағат ішінде аяқталуы тиіс.

Тауарларды енгізген кезде шекарада лицензия және басқа рұқсат құжаттарын ұсыну қажет пе?

Кодекстің 8 бабына сәйкес тауарлар ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тасымалданған және (немесе) кедендік рәсімге орналастырылған кезде тыйым салулар мен шектеулер сақталады.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы