GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі

2026 жыл Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Республикалық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануы елдің саяси-құқықтық жүйесін ауқымды жаңғыртудың басталғанын білдіреді. Конституцияның жаңа редакциясында мемлекеттік билік құрылымына, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктеріне және мемлекеттің одан әрі даму қағидаттарына елеулі өзгерістер енгізілген.

Негізгі өзгерістердің бірі заң шығарушы билікті реформалау болды. Сенат пен Мәжілістен тұратын екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылды. Оны пропорционалды сайлау жүйесі бойынша қалыптастыру парламенттік өкілдікті жаңартуға және заң шығару процесін жетілдіруге бағытталған. Құрылтайға заңдар қабылдау, Үкіметтің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және мемлекеттік маңызы бар негізгі тағайындауларды келісуге қатысу өкілеттіктері беріледі.

Маңызды институционалдық өзгерістердің бірі – Қазақстан Республикасы Вице-Президенті лауазымының қайта енгізілгені. Вице-Президентті Президент Құрылтайдың келісімімен тағайындайды. Жаңа модельде мемлекет басшысының өз міндеттерін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда оның өкілеттіктерін беру тәртібі де айқындалған. Бұл мемлекеттік биліктің сабақтастығына қатысты мәселелерде құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді.

Жаңартылған саяси жүйеде Қазақстанның Халық Кеңесі ерекше орын алды. Ол жоғары консультативтік орган ретінде құрылды. Кеңестің көзделген өкілеттіктеріне Құрылтайдың қарауына заң шығару бастамаларын енгізу және республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс жасау жатады. Кеңестің қызметі қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдары нығайтылған.

Жаңа Конституцияда заманауи сын-қатерлерге де назар аударылған. Цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуы жағдайында жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректерді қорғау мәселелері ерекше маңызға ие. Осыған қатысты кепілдіктердің Конституцияда бекітілуі азаматтарды цифрлық ортада қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.

Адам құқықтарының кепілдіктерін нығайтуға бағытталған ережелердің де маңызы зор. Олардың қатарына өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығы, ұсталған адамның өз құқықтарын білу құқығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының азаматтарын елден тыс жерлерде қорғауға кепілдік беру және басқа да құқықтық кепілдіктер жатады.

Конституцияда Қазақстанның егемендігі, аумақтық тұтастығы және ұлттық құндылықтары мәселелеріне ерекше мән беріледі. Бүгінде бұл қағидаттар ел бірлігін сақтау және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін айрықша маңызды.

Азаматтардың мемлекет алдындағы жауапкершілігін бекіту де ерекше назар аударуға тұрарлық. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабының маңызы зор. Аталған бап заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу міндетін белгілейді.

Бұл норма салық жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі – салық салудың міндеттілігі мен әділеттілігін көрсетеді.

Салықтарды төлеу мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұл қаражат әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, инфрақұрылымды дамытуға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын қаржыландыруға және мемлекеттік саясаттың басқа да басым бағыттарын іске асыруға қажет. Сонымен қатар салық міндеттемелері тек заңды негіздерде ғана белгіленуге тиіс, ал оларды орындау қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес қамтамасыз етілуі қажет.

Осылайша, Конституцияны жаңарту мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен құқықтық кепілдіктерді кеңейтуден бастап, азаматтардың міндеттері мен экономикалық дамудың негіздерін айқындауға дейінгі мәселелердің кең ауқымын қамтиды.

Жаңа Конституция Қазақстанның одан әрі дамуына, заңдылықты нығайтуға және мемлекет пен азаматтардың жауапкершілігін арттыруға құқықтық негіз қалыптастырады. Оның ережелерін сақтау, соның ішінде салық міндеттемелерін адал орындау, елдің тұрақты дамуы мен қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтудың маңызды шарты болып табылады.

Кедендік әкімшілендіру
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау

Кеден саясатының маңызды бағыттарының бірі тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу және әкету қағидаларын белгілейтін тыйымдар мен шектеулер жүйесі болып табылады. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) тыйымдар мен шектеулер сақтала отырып, кедендік рәсімдерге орналастырылады.

Біржақты тәртіппен енгізілетін шараларды қоса алғанда, тарифтік емес реттеу шараларының, сондай-ақ техникалық реттеу шараларының сақталуы Одақ туралы шартқа сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда және тәртіппен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталады. Әскери мақсаттағы өнімдерге қатысты шараларды қоса алғанда, бақылаудың ерекше шараларының сақталуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген жағдайларда және тәртіппен құжаттарды және (немесе) осындай шаралардың сақталуын растайтын мәліметтерді ұсыну арқылы расталады.

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына әкелінетін тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттар және осындай құжаттардағы мәліметтер туралы ақпарат алмасу жөніндегі техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібі техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсатында бірлескен актімен айқындалады.

Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралардың, сондай-ақ радиациялық талаптардың сақталуы Одақ туралы шартта және оған сәйкес қабылданған Комиссия актілерінде белгіленген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық және радиациялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша расталады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жеке тұлғалардың Одақ туралы шартта көзделген және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен сауда жасауда тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкету ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.

Егер тыйымдар мен шектеулерді белгілейтін актілерде олардың сақталуын растау жағдайлары және (немесе) тәртібі айқындалмаса, мұндай тыйымдар мен шектеулердің сақталуы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде, сондай-ақ тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару немесе экспорт кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде расталады.

Банкроттық және оңалту рәсімі
Салықтық әкімшілендіру
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотпен бірлесіп, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары К.К. Койшинов пен МАЭС төрағасы Т.Т. Тургамбаевтың төрағалығымен, судьялар, ШҚО әкімшілері мен МКД өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді. Кездесу барысында оңалту және банкроттық саласындағы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері қаралып, құқық қолдану практикасына қатысты проблемалық аспектілер талқыланды. Мемлекеттік органдар мен сот жүйесінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ туындайтын мәселелерді шешуде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Іс-шара қорытындысы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

Кедендік әкімшілендіру
12 октября 2026
ЕАЭО ШЕҢБЕРІНДЕГІ ӨЗАРА САУДАДАҒЫ ТЫЙЫМ САЛУЛАР МЕН ШЕКТЕУЛЕР

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты тыйымдар мен шектеулер қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 169 бұйрығына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бойынша жіктелетін жекелеген тауарларды әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды.

Тізімге, атап айтқанда, қалдықтар мен қоқыстар кіреді: мыс — 7404 00 коды; алюминий — 7602 00 коды;  қорғасын — 7802 00 000 0 коды; қара металдар — 7204 топтамасының жекелеген тауарлары; - пайдаланылған аккумуляторлар және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар басқа да қалдықтар — 8549 топтамасының жекелеген кодтары.

 

Мұнай өнімдерін әкетуге қойылатын шектеулер

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 175-н/қ бұйрығымен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды.

Шектеулер, атап айтқанда, ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811 кодтары бойынша жіктелетін бензин, дизель отыны және жекелеген мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен тасымалдауға қатысты және нормативтік актіде көрсетілген басқа да кодтарға қолданылады.

Бұл ретте заңнамада ерекшеліктер қарастырылған, оның ішінде жекелеген жағармай материалдарына, көлік құралдарының зауыттық бактарындағы отынға, авиациялық отынды пайдаланудың жекелеген жағдайларына, сондай-ақ гуманитарлық көмек шеңберіндегі жеткізілімдерге қатысты. Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде де 2710 12 кодындағы жекелеген мұнай өнімдерін әкетуге нормативтік актіде қарастырылған ерекшеліктермен тыйым салынған.



Бидайды әкелуге тыйым салу

Ішкі нарықты реттеу мақсатында Қазақстан бидайды әкелуге де шектеулер енгізді.

Тыйым салу ЕАЭО СЭҚ ТН 1001 коды бойынша жіктелетін бидайға, оны үшінші елдерден және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден көліктің жекелеген түрлерімен әкелу кезінде қолданылады.

Бұл ретте ерекшеліктер қарастырылған, оның ішінде құс шаруашылығы және астық өңдейтін кәсіпорындарға, сондай-ақ лицензияланған элеваторларға және «Ұлттық азық-түлік корпорациясы» АҚ-на теміржол көлігімен жеткізулер үшін.

Сыртқы саудаға қатысушылар үшін бұл тауардың кодын анықтап қана қоймай, тауардың мақсатын, көлік түрін және белгіленген ерекшеліктерге сәйкестігін тексеру қажеттілігін білдіреді.

Заңнамадағы өзгерістерге ерекше назар аудару керек, өйткені тыйым салынған және шектелген тауарлардың тізімдері, шаралардың қолданылу мерзімдері мен ерекшеліктерді қолдану шарттары өзгеруі мүмкін.

Салықтық әкімшілендіру
09 октября 2026
Алкоголь өнімдерін сақтау және өткізуге лицензиясы туралы. Кәсіпкерлер нені білуі керек?

Қазақстан Республикасының аумағында алкоголь өнімдерін өткізу лицензияланатын қызмет түрлеріне жатады. Алкоголь өнімдерін көтерме немесе бөлшек саудада заңды түрде өткізу үшін кәсіпкерлер белгіленген тәртіппен тиісті лицензия алуы қажет.

Алкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және өткізуге лицензияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары береді.

Лицензия алу үшін өтінішті электрондық форматта www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Бұл құжаттарды қарау мерзімін едәуір қысқартып, рұқсат құжаттарын алу процесін бизнес үшін анағұрлым ыңғайлы етеді.

Лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі – өтініш тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Лицензияны қайта ресімдеу мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

Лицензия алу үшін өтініш беруші электрондық өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Сонымен қатар сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі және деректерді тіркеу мен беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы туралы мәліметтер ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәртібі. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төленген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріне қарай белгіленеді және төмендегідей мөлшерде алынады:

Алкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада өткізу (әрбір қызмет объектісі үшін) — 200 АЕК.

Алкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада өткізу (әрбір қызмет объектісі үшін):

астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда — 100 АЕК;

аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде — 70 АЕК;

ауылдық елді мекендерде — 30 АЕК.

Біліктілік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады. Алкоголь өнімдерінің көтерме саудасын жүзеге асыру үшін алкоголь өнімдерін сақтау, қабылдау және босатуға арналған қойма үй-жайлары болуы қажет. Мұндай үй-жайлар білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, спорт объектілерінің, жанармай құю станцияларының, базарлардың және мәдени-демалыс мекемелерінің аумағында орналаспауы тиіс.

Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізу үшін заңнама талаптарына сәйкес келетін стационарлық үй-жайдың болуы міндетті. Үй-жай сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз жүйесімен қамтамасыз етіліп, тіркелген бақылау-касса машинасымен жабдықталуы қажет.

Заңнамада лицензия беруден бас тарту жағдайлары да көзделген. Оларға лицензиялық алымның төленбеуі, біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, жалған мәліметтер ұсыну немесе лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға қатысты сот шектеулерінің болуы жатады.

Өтінішті қарау нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық лицензияны немесе бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауапты алады.

Белгіленген талаптарды сақтау және лицензияны уақытылы рәсімдеу алкоголь өнімдерін өткізу қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады және кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Салықтық әкімшілендіру
08 октября 2026
ҚР Салық кодексіне 01.01.2026 ж. Жеке табыс салығы және Әлеуметтік салық бойынша енгізілген негізгі өзгерістер

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын (ЖТС) және әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібіне өзгерістер енгізілген жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді.

🔹 Жеке табыс салығы

Негізгі өзгерістердің бірі — ЖТС-тың прогрессивті мөлшерлемесін енгізу (ҚР Салық кодексінің 363-бабы).

Жеке тұлғалар үшін мынадай мөлшерлемелер белгіленді:

  • жылдық салық салынатын табыс 8 500 АЕК-ке дейін — 10 %;

    • 8 500 АЕК-тен асатын табыс сомасына — 15 %.

Бұл ретте 15 % мөлшерлеме белгіленген шектен асатын сомаға ғана қолданылады.

Жекеше практикамен айналысатын адамдар үшін ЖТС мөлшерлемесі 9 % құрайды.

Дивидендтер түріндегі табыстарға салық салынатын табыс мөлшері 230 000 АЕК-ке дейін қоса алғанда — 5 %, ал одан асатын сомаға — 15 % мөлшерлеме қолданылады.

Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін де 230 000 АЕК шегімен ЖТС-тың прогрессивті мөлшерлемесі көзделген.

🔹 Әлеуметтік салық

Әлеуметтік салықты есептеудің негізгі қағидалары ҚР Салық кодексінің 9-бөлімінде белгіленген.

2026 жылдан бастап әлеуметтік салықтың негізгі мөлшерлемесі 6 % құрайды (557-бап) және әлеуметтік аударымдар сомасымен өзара байланыссыз есептеледі.

Әлеуметтік салықтың 1,8 % мөлшерлемесі мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты салық салу объектілеріне қолданылады:

  • өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу;

  • өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу.

Жеке кәсіпкерлер және жекеше практикамен айналысатын тұлғалар үшін әлеуметтік салық арнайы тәртіппен есептеледі:

  • өзі үшін – 2 АЕК;

  • әрбір жұмыскер үшін – 1 АЕК.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін жоғарыда көрсетілген ауыл шаруашылығы қызметінің түрлеріне байланысты әлеуметтік салық:

  • өзі үшін – 0,6 АЕК;

  • әрбір жұмыскер үшін – 0,3 АЕК мөлшерінде есептеледі.

Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған және оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды.

Осылайша, 2026 жылдан бастап енгізілген өзгерістер салық төлеушінің санатына, табыс мөлшеріне және қолданылатын салық салу режиміне қарай жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты есептеудің сараланған тәсілін көздейді.

Салықтық әкімшілендіру
06 октября 2026
Сұрақ-жауап

Мұраға алынған жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде дара кәсіпкердің кірісінен жеке табыс салығы

 

Сұрақ: Жеке тұлға оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер болып табылады және коммерциялық жылжымайтын мүліктегі үлесті мұраға алды. Меншік құқығын тіркегеннен кейін коммерциялық объектіні өткізу жоспарлануда. Аталған жағдайда салық салу тәртібі қандай?

Жауап: Мұраны алған жеке тұлға оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер болып табылады, осыған байланысты салық салу мәселелерін құқықтық реттеу Салық кодексінің 725-бабының нормаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Меншік құқығы мемлекеттік тіркелгеннен кейін мұраға алынған коммерциялық жылжымайтын мүліктегі үлес жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезеңде оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі болып танылады.

Кейіннен сату кезінде Салық кодексінің 390-бабының ережелерін ескере отырып, құн өсімін есептеу үшін коммерциялық жылжымайтын мүлік объектісінің мұраға алынған үлесінің бастапқы құны меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны болып табылады.

Салықтық әкімшілендіру
02 октября 2026
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстарына салық салу

Жеке практикамен айналысатын тұлғаларға (бұдан әрі – ЖПАТ) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар жатады.

Салық кодексінің 394-бабына сәйкес, жеке практикамен айналысатын тұлғаның табысына тиісті қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар жатады.

Осылайша, жеке табыс салығы салынатын объектіге ЖПАТ-тың нотариаттық, адвокаттық қызметті, жеке сот орындаушысының қызметін немесе кәсіби медиатор қызметін жүзеге асыруына байланысты алған табыстары жатады.

Бұл ретте салық төлеуші заңнамада көзделген салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы:

  • әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім;

  • базалық салықтық шегерім;

  • әлеуметтік салықтық шегерімдер.

Салық кодексінің 363-бабына сәйкес, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстарына салық салынатын табыстың 9 пайызы мөлшерінде жеке табыс салығы салынады.

ЖПАТ үшін жеке табыс салығын есептеу және төлеудің ай сайынғы тәртібі белгіленген.

Есептелген салық сомасы салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей төленуге тиіс.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты қосылған құн салығын (ҚҚС) қолдану тәртібіне елеулі өзгерістер енгізілді.

Жаңа Салық кодексінің өтпелі ережелеріне сәйкес, ол қолданысқа енгізілген күннен бастап ЖПАТ ҚҚС төлеушілері болып табылмайды және ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылуға жатады.

2026 жылдан бастап жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін әлеуметтік салық:

  • өзі үшін – 2 АЕК мөлшерінде;

  • әрбір жұмыскер үшін – 1 АЕК мөлшерінде есептеледі.

Сонымен қатар ЖПАТ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындайды.

Жеке практикамен айналысатын тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысаны) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырады.

 

Салықтық әкімшілендіру
Мемлекеттік қызметтер
02 октября 2026
Даму қорының алаңында кәсіпкерлермен кездесу

2026 жылғы 1 қазанда ШҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының өңірлік филиалының алаңында ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға ШҚО бойынша МКД басшысы Бимагамбетов Саят Сайлаубекұлы және Департамент қызметкерлері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен екінші деңгейдегі банктердің өкілдері қатысты.

Іс-шара мемлекеттік қолдау шаралары, қаржылық құралдар және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы тікелей өзара іс-қимылды дамытуға бағытталды.

Іс-шара аясында ШҚО бойынша МКД қызметкерлері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті бастауды жоспарлап отырған жеке тұлғаларға консультациялық көмек көрсетті.

Кәсіпкерлерге салық салу, бизнесті тіркеу және жүргізу, салықтық міндеттемелерді орындау, салық режимдерін қолдану және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін басқа да өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, Департамент мамандарынан тікелей практикалық ұсынымдар алу мүмкіндігіне ие болды.

Банкроттық және оңалту рәсімі
01 октября 2026
Жеке тұлғалардың сот тәртібіндегі банкроттығы: ерекшеліктері және құқықтық салдары

Қазақстан Республикасында ақшалай міндеттемелерін орындауда қиындықтарға тап болған азаматтар үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері қарастырылған.

Сот арқылы банкроттық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңында белгіленген негіздер болған жағдайда қолданылады.

Негіздердің бірі – кредиторлар алдындағы берешектің 1600 АЕК-тен асуы. 2026 жылы бұл сома 6 920 000 теңгені құрайды. Кейбір жағдайларда берешек мөлшері шешуші мәнге ие емес, мысалы, өзге кредиторлар алдында міндеттемелер болған кезде. Сонымен қатар, әдетте, қатарынан 12 ай бойы міндеттемелердің өтелмеуі және заңда көзделген берешекті реттеу шараларының жүргізілуі талап етіледі.

Рәсім азаматтың тұрғылықты жері бойынша сотқа өтініш беруінен басталады. Өтінішке кредиторлар, берешек, мүлік туралы мәліметтер және басқа да қажетті құжаттар қоса беріледі. Рәсімге қаржы басқарушысы қатысып, борышкердің қаржылық жағдайын талдайды, мүлкін анықтайды және кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырады. Өткізілуге жататын мүлік заңда белгіленген тәртіппен берешекті өтеу үшін сатылуы мүмкін.

Рәсім аяқталғаннан кейін қалған міндеттемелер тоқтатылады. Алайда алименттер, адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу міндеттемелері, мемлекет алдындағы жекелеген міндеттемелер, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша келтірілген зиян және қаржы басқарушысының сыйақысы есептен шығарылмайды.

Банкроттық белгілі бір шектеулерге де әкеп соғады: бес жыл ішінде азамат ломбардтардың микрокредиттерін қоспағанда, қарыз ала алмайды, сондай-ақ белгілі бір шарттар бойынша кепілгер немесе поручитель бола алмайды.

Осылайша, сот арқылы банкроттық азаматтың шамадан тыс борыштық жүктемесін реттеуге мүмкіндік береді, бірақ заңда белгіленген талаптарды сақтауды және белгілі бір құқықтық салдардың туындауын көздейді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы