Теміржол транзитін автоматтандыру жобасы іске қосылды

Теміржол транзитін автоматтандыру жобасы іске қосылды   Көлік министрлігі және «ҚТЖ»ҰК» АҚ бірлесіп Теміржол транзитін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты, бұл Қытай – Орталық Азия және Қытай-Еуропа маршруты бойынша теміржол көлігімен өткізілетін жүктер үшін транзиттік декларацияларды автоматты түрде беру және шығару болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады. Пилот кедендік рәсімдердің ашықтығына, жеделдетуге және оңайлатуға, сондай-ақ транзиттік маршруттар арқылы пойыздардың жүру процесін оңтайландыруға және жақсартуға бағытталған:  - өткізу пункттерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау; - транзиттік декларацияларды автоматты түрде тіркеу және шығару арқылы транзитті кедендік декларациялау процесін едәуір жеңілдетеді;  - бір контейнерлік поезды кедендік ресімдеу уақытын 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарту;  - құжаттардың қағаз жеткізгіштеріне белгі қоюды алып тастау және теміржол тасымалы кезінде электрондық құжат айналымына кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз етеді. Осылайша, мемлекеттің транзиттік әлеуеті артып, Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі позициясын күшейтуге жақындатады.

Көлік министрлігі және «ҚТЖ»ҰК» АҚ бірлесіп Теміржол транзитін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты, бұл Қытай – Орталық Азия және Қытай-Еуропа маршруты бойынша теміржол көлігімен өткізілетін жүктер үшін транзиттік декларацияларды автоматты түрде беру және шығару болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Пилот кедендік рәсімдердің ашықтығына, жеделдетуге және оңайлатуға, сондай-ақ транзиттік маршруттар арқылы пойыздардың жүру процесін оңтайландыруға және жақсартуға бағытталған:

- өткізу пункттерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау;

- транзиттік декларацияларды автоматты түрде тіркеу және шығару арқылы транзитті кедендік декларациялау процесін едәуір жеңілдетеді;

- бір контейнерлік поезды кедендік ресімдеу уақытын 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарту;

- құжаттардың қағаз жеткізгіштеріне белгі қоюды алып тастау және теміржол тасымалы кезінде электрондық құжат айналымына кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз етеді.

Осылайша, мемлекеттің транзиттік әлеуеті артып, Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі позициясын күшейтуге жақындатады.