Салықтарды төлеңіз

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде 2021 жылға көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталды.
Бүгінгі күні Семей қаласы бойынша көлік құралдарына салынатын салық бойынша 11 976 жеке тұлғаның жалпы сомасы 311 802,9 мың теңгеге берешегі бар.
2022 жылдың 7 маусымынан бастап ШҚО бойынша МКД-нің Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер асқармасының қызметкерлері Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен және Жеке сот орындаушыларымен (бұдан әрі – ЖСО) бірлесіп Семей қаласының жолдарында борышкерлерді анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды бастады.
Нәтижесінде 40-тан астам автокөлік иесі қарызды сол жерде Е-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы төледі.
ЖСО қаулысына сәйкес ұсталған Mitsubishi маркалы автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.
Қарыз 140 000 теңгеден астам соманы құраған.
Аталған іс-шаралар жалғасатын болады. Борышкерлерге қатысты автокөлік құралдарын алып қою ғана емес, мәжбүрлеп өндіріп алудың өзге де шаралары жүргізіледі: банк операцияларына шектеу қою, борышкердің ақшасы мен мүлкіне тыйым салу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті алып қою, борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, ҚР шегінен тыс жерлерге шығуға шектеу.
Берешек сомасын e-Salyg Azamat мобильді қосымшасы және Kaspi.kz, Halykbank, Homebank арқылы білуге және төлем жасауға болатынын естеріңізге саламыз.